• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Арнайы уәкілдің Литваға сапары

244 рет
көрсетілді

3-4 наурызда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Арнайы уәкілі, Парламент Сена­ты Халықаралық қатынастар, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Лит­вада болды және 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымына Қазақстанды ілгерілету жөніндегі біздің еліміздің өтініші аясында Литваның Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюспен, Сейм төрағасының бірінші орынбасары Видас Гедвиласпен, Үкімет канцлері Альминас Мачюлиспен және Көлік және коммуникация­лар министрі Римантас Син­кявичюспен кездесті. Сыртқы саясат ведомствосы басшысымен кездесу барысын­да И.Адырбеков Қазақстан Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу жөніндегі Қазақстанның өтінішін қолдау бойынша Литва Республикасының Президенті Д.Грибаускайтеге арналған жолдауын табыс етті. Жүздесуде саяси және эконо­ми­калық салалардағы екіжақты қатынастар дамуының келешегі де талқыланды. Сауда және инвес­ти­циялық ынтымақтастықты терең­дету барысында екі елдің әлеуетін ескеру қажеттігі атап өтілді. И.Адырбеков Видас Гед­ви­ласпен кездесуінде екі ел ара­сындағы өзара қатынастарды, оның ішінде парламентаралық байланыстарды ұлғайту мәселелері туралы пікір алмасты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.