Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешов пен Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының ұсынысы қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына үміткерлерді палата қарауына енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.