• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Шымкентте 8 отбасыға пәтер кілті тапсырылды

316 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 5 наурыз. Шымкентте табиғи газдың жарылысы салдарынан баспанасыз қалған сегіз отбасыға пәтер кілті тапсырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бар-жоғы екі айдың ішінде зардап шегушілердің тілегі орындалып, қуанышқа кенелді. Салтанатты шара қала әкімдігінде өтті. Бұл сегіз отбасы қақаған қыстың ортасында баспанасыз қалған болатын. Содан бері жатақхананы паналап, күнелтті. Билік берген уәдесінде тұрып, екі айдың ішінде қайтадан үйлі етті. Бейсенбек Жанбосынов, қала әкімінің орынбасары: «Бюджеттен 69 миллион теңге бөлінді. Ол қаржы – қала әкімдігінің төтенше жағдайдың салдарынан жоюға бағытталған қаражат. Бұл ақшаға үш бөлмелі екі пәтер, екі бөлмелі алты пәтер сатып алынды». Еске салайық, 20-желтоқсан күні Ақназархан көшесіндегі № 62 үйде газ жарылып, оқыс оқиға орын алған болатын. Соның салдарынан 8 пәтерлі үй қирап қалды. Сөйтіп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Күшті жарылыстан үйдің негізгі қабырғалары қирағандықтан, оны қалпына келтіру оңай болмаған. Оны апатты деп тапқан мамандар баспананың қалдығын сүріп те тастады. Бұл оқыс оқиға 67 жастағы Роза Карчагинаны есеңгіретіп тастады. Бірақ әкімдік мамандарының баспанасыз қалмайсыз деген уәдесі қайта жігерлендіріпті. Бүгін жаңа пәтерінің кілтін алғанда көзіне жас та ұялады. Қуанышы қойнына сыймай, пәтерді арнайы келіп көрді. Бақтияр Тайжан. Дерек: egemen.kz. Сурет: Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.