• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Солтүстік Қазақстанда студенттер конференциясы өтті

238 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 5 наурыз. Петропавлдағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «ҚР Конституциясы және оның құқықтық негіздері» деген тақырыпта конференция өтті. Жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен шараға еліміздің әр өңірінен 30-дан астам іргелі білім ордасы қатысты. Бұл туралы университеттің баспасөз орталығы хабарлады. Конференция алдында мәртебелі қонақтар ғылыми жобалар көрмесін тамашалап, студенттердің озық ойлы идеялары және зерттеу жұмыстарымен танысты. Жиынға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов құттықтап,  Қазақстандағы демократиялық қоғамның дамуында Ата Заңның алатын орны мен маңызын айтып өтті. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Еркін Үйсінбаев, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің  студенті Назерке Тоқтарбаева, Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенті Гүлсезім Жақұда, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Асхат Тілеуленов және тағы басқа қатысушылар сөз алып, Конституцияның құқықтық негіздері, жастардың ел өркендеуіне қосып отырған үлесі, алда тұрған іргелі міндеттер, Жолдау қағидаттарын орындауда жүктелетін биік талаптар жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар, жиын барысында жергілікті жерлердегі мәселелер, оларды шешу жолдары талқыланды. Бірнеше күнге созылған конференцияда 600-ге жуық баяндама тыңдалып, әртүрлі тақырыпты қамтыған секциялық жұмыстар жүргізілді. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспасөз орталығы. Сурет: nkzu.kz.