• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Халық 8 наурыз мерекесінде үш күн демалады

596 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 наурыз. Елімізде мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілетін Халықаралық әйелдер күнінде халық  үш күн – 7, 8 және 9 наурызда демалады. 8 наурыз жексенбі күніне сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбі – 9 наурызға шегеріледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ал Наурыз мейрамына орай еліміз 5 күн демалады. Дәлірегі, 21-23 наурыз мерекеге орай демалыс, яғни бұл – сенбі және дүйсенбі аралығы. Осылайша, мерекенің алғашқы 2 күні кезекті демалысқа тап келгендіктен, 24-25 наурыз күндері де демаламыз. Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңға сәйкес, мереке аптаның демалыс күндеріне дөп келсе, демалыс күні мейрам күнінен кейінгі жұмыс күніне шегеріледі. Сонымен, наурыз айындағы мерекелерде 8 күн демалыс болады. Жолдыбай Базар. Дерек: egemen.kz. Сурет: altaynews.kz.