• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Алматы облысында серіктестік ұжымы Елбасының атына хат жолдады

241 рет
көрсетілді

Алматы облысында жол жөндеу жұмыстары мен ауылшаруашылығы саласына бағытталған «Шаңырақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері 26 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауын қолдайтындықтарын білдіріп, Елбасының атына ұжымдық жеделхат жолдады. Бұл туралы zhetysu.gov.kz хабарлады. Аталған серіктестік осы күні жалпы құны 5,5 млрд. теңгені құрайтын Алматы-Өскемен республикалық автожолы мен облыс аумағындағы бірқатар елді-мекендердің жолдарына да жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Серіктестік басшысы Жанайдар Жылқайдаров ұжым атынан Елбасының қазіргі жүргізіп отырған саясатын толықтай қолдайтындықтарын жеткізді. Соған байланысты алдағы уақытта өтетін кезектен тыс Президент сайлауына Елбасының өз кандидатурасын ұсынуын сұрап, өз ойын білдірді. Айта кетер жайт, шаруашылық жол жөндеу жұмыстарынан бөлек мал өсірумен де айналысады. Бүгінгі күні серіктестікте 120 техника, 20 мың қой, 1000-ға жуық жылқы және 480 ірі қара малы өсіріледі. Нұрбол Әлдібаев. Дерек, сурет: zhetysu.gov.kz.