ҚАРАҒАНДЫ. 5 наурыз. Теміртау қалалық сотының шешімі бойынша «Арселор Миттал» компаниясының бас директоры Виджай Махадеван әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы bnews.kz хабарлады.
Енді әкімшілік жаза негізінде жұмыскердердің жалақысын заңсыз қысқартпақ болған басшы Үкіметке 600 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Айта кетейік, қаңтарда компанияның бас директоры В.Махадеван жұмысшылардың жалақысын 25 пайызға қысқартатыны туралы бұйрық шығарған еді. Ол қаржылық қиындыққа тап болғанын және мемлекеттен алатын 12 миллиард теңгеге қол жетпей жатқанын айтып ақталды.
Алайда, прокуратура тексерісінен кейін бұйрықтың заңсыз шыққаны анықталды. Кейін мемлекет қарызын қайтарып, компания жалақыны түгел таратып берді. Соған қарамастан заңсыз бұйрық шығарғаны үшін бас директор әкімшілік жазаға тартылды. Енді айыппұлдың барлық көлемін Махадеван өз қалтасынан төлеуі тиіс.
Айқын Несіпбай.
Дерек: bnews.kz.
Сурет: timeskz.kz.