• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатына қатысуда

216 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 наурыз. Эстонияда мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде. Аталған додаға еліміздің атынан Элизабет Тұрсынбаева қатысуда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Эстонияның астанасы Таллинде өтіп жатқан жарыста біздің қыз әзірге жетінші орында келеді. Қысқа бағдарлама бойынша Элизабет 55,95 ұпай жинады. Бұл сында ресейлік Евгения Медведева 68,48 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға Женяның отандасы Серафимы Саханович (63,09 ұпай) жайғасса, үздік үштікті Жапония спортшысы Вакаба Хигучи (61,27 ұпай) түйіндеп тұр. Сайысқа барлығы 43 спортшы қатысып, соның 24-і еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Аталған сайыс 6 наурыз күні өтеді. Таллиндегі тартыста ел намысын жалғыз Элизабет Тұрсынбаева қорғап жатқанын айта кетейік. Мәнерлеп сырғанаушы қызымыз бұған дейін бірнеше халықаралық жарыстарда олжа салып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Тіпті жасөспірімдер арасындағы гран-при жарысының екі кезеңінде жүлдеге ілігіп, әлемдік мамандардан жоғары баға алды. Бүгінде қазақ қызы Канадада белгілі жаттықтырушы Брайан Орсерден тәлім алады. Ким Юна (Ванкувер-2010) және Юдзуру Ханю (Сочи-2014) сынды екі бірдей Олимпиада чемпионын дайындаған канадалық маман біздің қыздың да болашағына үмітпен қарайды. Өткен ақпан айында 15 жасқа толған Тұрсынбаева осы жылдың күзінен бастап ересектер арасындағы жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: sk-sport.kz.