• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Джохар Царнаев Бостон терактісіне қатысын мойындады

260 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 наурыз. АҚШ-тың Бостон қаласында жүріп жатқан сот отырысының басында айыпталушы Джохар Царнаевтың адвокаты алқабилерге қорғап отырған адамының өз кінәсін мойындайтынын мәлімдеді. Бұл туралы BBC Russian хабарлады. Бостондағы жарылыс бұдан екі жыл бұрын марафон кезінде жасалған еді. Процестің бас жағында айыпталушы Джохар Царнаевтың адвокаты өз қорғауындағы адамның кінәсін мойындайтынын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, Царнаев іс барысында ағасы Тамерлан Царнаевтың ықпалынан шыға алмаған көрінеді. Қазір жасы 21-дегі Джохар Царнаевты өлім жазасы күтіп тұр. Ол 30 тармақ бойынша айыпталып отыр. Федеральды прокурор сәрсенбі күні процесті ашар кезінде Царнаевтың бомбының қойғандағы мақсаты жұртты өлтіру болғанын мәлімдеді. 2013 жылы Джохар Царнаев Бостон марафоны кезіндегі жарылысқа қатысты айыптаулардың бәрін бірдей мойындаған жоқ. Сот залының сол қанатын сол жарылыс кезінде зардап шекендер толтырды. Ал теракт кезінде үш адам қаза тапты. Олардың арасында сегіз жасар бала бар. Жалпы, 260-тан астам адам әртүрлі дене жарақатын алды, олардың көпшілігі аяқтары мен қолдарынан айрылды. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: BBC Russian.