• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Президенттікке үміткер мемлекеттік тіл сынынан «құлады»

275 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 наурыз. Қазақстан Президенттігіне үміткер Асқар Сырғабаев қазақ тілі бойынша алынған емтиханнан өте алмады. Бұл туралы Interfax хабарлады. «Әлемдік дағдарыс және Қазақстан экономикасы» деген тақырыпта шығарма жазған Сырғабаев 92 қате жіберген. Осыған орай лингвистикалық комиссия оны мемлекеттік тілді білмейді деген қаулы қабылдаған. «Сауатты оқи білу талап етілетін екінші сұрақта да ол мұны меңгенмегенін көрсетті. Оқып тұрғанда, өте көп кідіреді, сөзді оқу үні нашар, кейбір сөздері мүлдем түсініксіз», - деп түсіндірді комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков. Емтиханның үшінші кезеңінде Сырғабаев өзінің ойын дұрыстап жеткізіп бере алмады. «Кейбір ойларында қисын болмады, ол тіпті мемлекеттілік дегеннің не екенін де шатыстырып алды, оның мағынасын түсінбейді», - деп атап өтті Жолдасбеков. «Оған ешкім де кедергі келтірген жоқ, қалағанынша дайындалды. Бірақ нәтижесі өте нашар болып шықты. Өкінішті, бірақ біз осындай шешім қабылдадық», - деп қорытты төраға. Сәкен Майлыбай. Дерек, сурет: Interfax.