• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2015

* Үндеуге үнқосу

317 рет
көрсетілді

Юрий ПОМЕРАНЦЕВ, Қазақстанның халық әртісі: – Мен қазір айтарлықтай күрделі кезең келе жатыр деп есептеймін. Бірақ, біз, қазақстандықтар бұған алаңдамауымызға болады. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев – әлемдік ауқымдағы аса ірі тұлға. Сондықтан, Отанымыздағы ақсақалдардың бірі ретінде менің Президенттің алдағы сайлауға өзінің кандидатурасын ұсын­­­сын деуіме толық құқым бар ғой деп ойлаймын. Беделіне орай, Нұрсұлтан Әбішұлының ғана еліміздің ішінде де, сыртында да өзіндік рөл атқаратынына сенімдімін. Жалпы, мен Қазақстан Президенті туралы айтқанда ол менің театрым және жеке өзім үшін не істеді деп ойлайтынмын. Сөйтсем, істеген нәрсесі көп екен. Мемлекет басшысының қолдауымен театрды жөндеуге айтарлықтай қаржы бөлінді. Президент біздің ұжымымызбен бірнеше мәрте кездесті. Шығармашылығымызды да әркез бақылап отырады. Көптеген жылдан бері Президенттік стипендия алып келемін. Нұрсұлтан Әбішұлының қолынан Қазақстанның жоғары наградасы – «Отан» орденін алдым. Мемлекет басшысы, шын мәнінде, мәдениет адамдарының жанашыры. АЛМАТЫ. Садық ЖҰМАБАЙ, президенттікке 2011 жылы ақпанда кандидат болып тіркелген Нұрсұлтан Назарбаевтың сенім білдірілген адамы: – «Нұрсұлтан Назарбаев» деген есім бүгінде төрткүл дүниедегі халықтардың бәріне танымал десем, артық айтқандық болмас. Шетелдерден Қазақстанды аралауға келген қаншама адам: «Қазақстан халқы пейішті жерде, бейбітшіліктің Алтын сарайында алаңсыз ғұмыр кешуде!» деп ауыздарының суы құрып айтады. Бұл – жалаң сөз емес, ол шетелдіктердің ағынан ақтарылғандағы сөзі. Бүкіл Қазақстан халқы Нұрсұлтан Әбішұлының алдағы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына халқы үшін, Мәңгілік Ел үшін, жәннаттай жайнаған ұлан-ғайыр жер үшін түскенін қалайды. Жер шарының тас-талқан болмауы – Жер шары халқының бірінші басты мүддесі. Елбасы Қазақ елі үшін ғана емес, бейбітшілікті қолдайтын, қорғайтын миллиардтаған халық үшін сенімді жанашыр. Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттық тізімнен алдағы күндері тек іс басындағы Президенттің аты-жөнін көргіміз келетінін жасырмаймын. Жаркент қаласы. Светлана ПОДОБЕДОВА, ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы: – Бүгінде, бүкіл әлем күрделі қаржы-экономикалық дағдарысты басынан кешіп жатқан кезде, біздің еліміз дер кезінде қабылданған сауатты шаралардың арқасында оның әсерлерін өте-мөте аз сезініп отырғаны анық. Бұл барша үшін қиындықтарға толы кезеңде тұрақтылықты сақтап, Қазақстан экономикасын әрі қарай дәйектілікпен дамытуға мүмкіндік бермек. Тек ел басшылығына сенім көрсету арқылы ғана біз дағдарыстың салдарын аса ауыртпалықсыз еңсеретін боламыз. Біздің Үкіметіміз, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес, қай кезде де, тіпті, өте күрделі уақыттарда да спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп келді. Осының арқасында біз қашанда ел басшылығының қамқорлығын айқын сезінудеміз. Біздің ең жақсы жағдайларда жаттығулар жасауға мүмкіндіктеріміз бар. Біз жарыстарға қатысу үшін шетелдерге жиі шығып тұрамыз. Сондай кездерде шетелдіктердің Қазақстанға құрметпен және қызығушылықпен қарайтындарын көреміз. Осы жылдардың бәрінде спортшылар қауымы ел басшылығына үлкен сенім білдіріп келсе, алда да білдіре беретін болады. Өйткені, өз басым тұрақтылық пен әрі қарайғы өсіп-өркендеуді қалаймын. Майра АМАНТАЕВА, Қазақстан білім және ғылым қызмет­­­керлері салалық кәсіподағының төрайымы: – Біздің салалық кәсіподағымыз 860 мыңнан астам адамның басын біріктірсе, олардың көпшілігі – әйелдер. Өз өмірлерін өскелең ұр­пақ тәрбиелеуге арнаған олар оқушыларынан білім-біліктері мен күш-қуаттарын және жүрек жылуларын ешқашан аяған емес. Білім беру, отбасы, ана мен бала мәселелері Мемлекет бас­шысының бақылауында екенін білетін салалық кәсіподақ президенттік сайлау өткенін жан-жақты қолдаған болатын. Мұны біз дұрыс және дер кезінде жасалған шешім деп есептейміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты дұрыс екенін оның ел мен халықтың көңілінен шығатын ұстанымдары анық аңғартады. Біз Президенттің төңірегіне топтасу арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыруға белсене қатысуға тиіспіз. Осы орайда, біздің кәсіподақ қазіргідей жағдайларда Нұрсұлтан Әбішұлы сайлауға өзінің кандидатурасын ұсынуы тиіс деп санайды. Елбасын халықтың қолдайтынына еш күмәнім жоқ. АСТАНА. Людмила БЕННЕР, педагогика ардагері, Қазақстан Республи­касы білім беру ісінің үздігі: – Менің педагогтік қызметімнің көптеген жылдары мектепке дейінгі білім берумен байланысты. Біз бақшаларға балаларды еш нәрсе білмейтін кішкентай кездерінде қабылдап алсақ, кейін оларды білім мен мәдениеттен хабар­лары бар өскіндер ретінде шығарып саламыз. Және балалар бақшасының персоналы қай кезде де өздерінің тәрбиеленушілері үшін шын жан­ашыр­лық танытып, әрі қарайғы өмірлерінде бақыт тілейді. Өмір жол­­дарының қашанда ашық болып, жақсы азаматтар болып өскендігін қалайды. Осы ауыр да қызықты тәрбие жұмысында біз әркез мемлекет пен Президенттің қолдауын анық сезініп жүрміз. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында және басқа да негіз қалаушы құжаттар да өскелең ұрпаққа үлкен назар аударып келеді. Сондықтан, біз іс басындағы Президенттің алдағы кезектен тыс президенттік сайлауға өзінің кандидатурасын ұсынғанын қалар едік. Бұл қай кездегіден де өте қажет. Өйткені, баршамызға қазіргідей күрделі шақта өз Көшбасшысының жанына топтасқаны аса керек үдеріс. Павлодар. Ринат ҚҰСАЙЫНОВ, №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандан­дырыл­ған ауданаралық сотының төрағасы: – Қазақстан халқы Ассамблеясы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы маңызды шешім қабылдаған болатын. Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт талабы еді. Енді жаһандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды дағдарысқа ұрындырмай алып шығуға мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты тапсырылуы тиіс. Бұл қадамның Қазақстанның келешегі мен гүлденуі басты мақсаттарына жетуі жолында қазақстандықтардың жігер-қуатын біріктіретіні күмәнсіз. Жалпы, қазіргі кезде еліміздегі ынтымақты жандандырып, қоғамдағы барлық азаматтарды Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың маңына топтастыру аса маңызды. Бұл – «Қазақстан-2050» және «Мәңгілік Ел» Стратегияларын бұрынғыдан да қуатты етіп қана қоймай, оларды бірлесіп жүзеге асырудың тарихи мүмкіндігі. Қысқасы, бұл сайлау мемлекеттік аппараттың, заң шығарушы органдардың, билік өкілдерінің, халықтың барлық күш-жігерін жұмылдыру арқылы жаһандану заманы алға тартқан кедергілерге тосқауыл қоюға сеп болуы керек. Семей.