ҚАРАҒАНДЫ. 25 тамыз. Қарағанды облысында полиция қызметкері автокөлігімен қағып кеткен жаяу жүргіншіні сол жерде көз жұмды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұра ауданының учаскелік инспекторы «Mitsubishi Lanser» автокөлігін жүргізіп келе жатып жолдың жиегінде тұрған Теміртау қаласының тұрғынын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болды. Ал көлік иесі болса ауруханаға жатқызылған.
Осы оқиға бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: 168.ru.