АЛМАТЫ. 25 тамыз. Марк Муди – Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы жаңа консулы қызметіне кірісті. Бас консулдың қызмет аясына сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының аумағы кіреді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Марк Муди – АҚШ Мемлекеттік департаментіне дипломатиялық қызметке 1995 жылы келді. Бұған дейін Латвиядағы АҚШ елшілігінің әкімшілік істері жөнінен кеңесші болған. Молдавия, Грузия, Хорватия мен Габонда америкалық елшіліктерде қызмет атқарды.
Марк Муди – Ньюпорт қаласындағы (Род-Айленд штаты) әскери-теңіз колледжін үздік бітірген. Одан соң Гарвард университетін Фульбрайт стипендиясымен тәмамадаған.
Үйленген, екі баласы бар.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.