• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2015

Футбол. Ұлттық құрамаға шақыртылған ойыншылар белгілі болды

291 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 тамыз. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айында 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі шеңберінде екі кездесу өткізеді. Соған байланысты бас жаттықтырушы Юрий Красножан осы ойындарға шақыртылған футболшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, ұлттық құрама 3 қыркүйекте Пльзень қаласында Чехия құрамасымен кездессе, 6 қыркүйекте Рейкьявикте Исландиямен күш сынасады. Бас жаттықтырушының назарына іліккен ойыншылар мыналар: Қақпашылар: Сергей Бойченко, Андрей Сидельников (екеуі де –«Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»). Қорғаушылар: Берік Айтбаев («Атырау»), Елдос Ахметов, Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко (бәрі де – «Астана»), Марк Гурман, Ермек Қуантаев (екеуі де – «Қайрат»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Малый, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де – «Ордабасы»). Жартылай қорғаушылар: Аслан Дарабаев, Бауыржан Исламхан, Ұлан  Қонысбаев, Исламбек Қуат, Жамбыл Көкеев, (бәрі де – «Қайрат»), Бауыржан Жолшиев, Георгий Жуков (екеуі де – «Астана»), Тимур Досмағамбетов («Тараз»), Александр Меркель («Удинезе», Италия), Самат Смақов («Ертіс»). Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев, Алексей Щеткин (екеуі де – «Астана»), Сергей Хижниченко («Ақтөбе»). Негізгі құрамның ойыншылары жарақат алған жағдайда қосымша тізімнің ойыншылары шақырту алады. Олар: қақпашы – Владимир Плотников («Қайрат»), қорғаушы – Ренат Абдулин («Ордабасы»), жартылай қорғаушы – Серікжан Мұжықов («Астана»), шабуылшы – Тоқтар Жаңғылышбай («Қайрат»). Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.