• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2015

Мерейтойлық марафон

387 рет
көрсетілді

Атырауда 20 мың адам жаппай жүгіруге қатысты Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 20 мың адам жаппай спорттық жүгіруден өткен марафонға қатысты. Спорттық жүгірудің арақашықтығы – 2 шақырым 950 метр. Атырау қаласындағы мара­фонға 6 мыңға жуық адам қатысып, Салтанат сарайынан Исатай-Махамбет ескерткіші алаңына дейінгі аралықты жүгіріп өтті. Батырлар ескерткіші алдында облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев жүгірушілердің арасынан ең жас қатысушы –№15 орта мектептің 3-сынып оқушысы Алтынбек Әнуарбек пен ең ересек жастағы қатысушы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 73 жастағы оқытушысы Жақсылық Раш­баевты, сонымен бірге, ең бел­сенді қатысушылар – об­лыс­тық төтенше жағдайлар депар­таменті басшысының орынбасары Сәлімғали Салықбаев пен Әділбек Өтеев арнайы дипломмен марапатталды. Ұлт батырлары атындағы алаңда әр этностың өкілдерінің қолынан шыққан әсем бұйымдар мен тағамдардың көр­месі де өтті. Бұған қоса «Тхониль», «Әлия», «Довира» секілді этно­мәдени бір­лес­тіктер өкілдері өз этностарының тарихи деректерін көрсетті. Бұл күні жаппай спорттық жүгіру марафоны жеті аудан орталығында да өтті. Оған әр ауданнан 2 мыңнан, барлығы 14 мың тұрғын қатысты. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы. Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.