• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2015

Екпеден кейін есінен танып қалған жасөспірім өз-өзіне келді

236 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстанда қызылшаға қарсы жасалған екпеден кейін он күн бойы ес-түссіз жатқан жасөспірім есін жинады. Оныншы сыныптың оқушысы Сағындық Жанысбаев 19 ақпан күні қызылша ауруына қарсы вакцина салдырған болатын. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады. Екпе жасалғасын он минут өткен соң жасөспірімнің жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригадасын шақыруға тура келген. Дәрігерлер науқасты аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызып қояды. Қазіргі таңда дәрігерлер баланың ес-түссіз жан сақтау бөлімінде жатуының нақты себебін анықтай алған жоқ. Бұл жағдайдың ақ-қарасын енді тәуелсіз сарапшылар анықтауы мүмкін. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: otyrar.kz.