• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2015

Жас футболшыларымыз наурызда екі жолдастық ойын өткізеді

271 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 наурыз. Футболдан еліміздің жастар құрамасы наурыз айының соңында екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы kff.kz хабарлады. Алдымен жастарымыз финляндиялық құрдастарымен күш сынасады. Хельсинкиде өтетін бұл ойын 25 наурызға жоспарланған. Ал 30 наурызда Саулюс Ширмялис жаттықтыратын жас футболшыларымыз Таллинде Эстониямен тартысқа түседі. «Алда 2017 жылғы жастар арасындағы Европа чемпионатына іріктеу турнирі келе жатыр. Сол сайыс алдында осылай дайындығымызды пысықтап алуды жөн санадық. Оның үстіне іріктеу сайысы кезінде біз Англия, Норвегия сынды мықты ұжымдармен бір топта ойнаймыз. Финляндия құрамасының Норвегиядан еш айырмашылығы жоқ. Эстондардың да ойын өрнегі скандинавтықтарға ұқсас. Сондықтан алдағы екі жолдастық ойын бізге мол тәжірибе болады», дейді жастарымызды жаттықтырып жүрген литвалық маман. Айта кетейік, 2017 жылғы Европа чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан 9-топта өнер көрсетеді. Соған сәйкес, Англия, Норвегия, Швейцария, сондай-ақ, Босния және Герцеговина жастар құрамаларымен финалдық кезеңге берілер жолдаманы сарапқа салады. Алғашқы ойынды 2 қыркүйек күні сырт алаңда Босния және Герцеговинаға қарсы өткізсе, келесі кездесуде Швейцария жастарымен жасыл алаңға шығады. 7 қыркүйекте болатын бұл ойынды біздің команда өз алаңында өткізеді. Қалған ойындардың кестесі төмендегідей: 08.10.2015 Норвегия – Қазақстан. 13.10.2015 Англия – Қазақстан. 25.03.2016 Қазақстан – Босния және Герцеговина. 02.09.2016 Швейцария – Қазақстан. 06.10.2016 Қазақстан – Англия. 11.10.2016 Қазақстан – Норвегия. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: kff.kz.
Соңғы жаңалықтар