• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2015

Ынтымақтастық арта түсетін болады

235 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаоли Пекинде Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің жетінші отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Бұл отырыс Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев­тың 31 тамыз – 3 қыркүйек ара­­­­лы­ғын­дағы Қытайға сапары қарсаңында өтіп отыр. Отырыс барысында тараптар Қазақстан Президентінің ҚХР-ға сапары барысында қол қойылатын бірқатар келісімдерді қарады, Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзинь­пин­нің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Ал олар елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашатын болады. Келіссөздер барысында сол сияқты, сау­да-экономикалық, индустриялық және инвестициялық ынтымақтастық, транзиттік көлік жобалары шеңберіндегі өзара іс-қимылдар, трансшекаралық өзендердің су рес­урстарын оңтайлы пайдалану және қорғау бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Отырысқа қатысушылар энер­гетика, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техника­лық қызмет және басқа да салалардағы әріп­тестікті әңгіме өзегіне айналдырды. Қазақстан Республикасы Премьер-Минис­трінің бірінші орынбасары Қытай компанияларын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырды, сондай-ақ, көрме шеңберінде ШЫҰ павильонын ашу туралы Қазақстанның бастамасын жүзеге асыруға нақты маңыз беруді ұсынды. Бақытжан Сағынтаев сол сияқты, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар мемлекеттердің мұнай-газ секторы, атом энергиясы, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да басымдықты салалардағы ынтымақтастығын жалғастыруы қажеттігін атап көрсетті.