• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2015

Қызылордалық шаруалар аймақ экономикасын тұрақтандыруға кірісті

391 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 тамыз. Қызылорда облысында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өңірдегі тұрақтандыру қорының қоймаларын картоппен толтыруға қол ұшын бермек. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тұрақтандыру қорының операторы – «Қаржы компаниясы» ЖШС-нің мәліметіне сүйенсек, фьючерстік шарт жасасқан шаруа қожалықтары картоптың алғашқы бөлігін қазан айының басында жеткізе бастайды. «Тұрақтандыру қоры Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының 5 шаруа қожалығынан 550 тонна картоп сатып алады. Қазір қоймада Солтүстік Қазақстаннан жеткізілген 800 тонна картоп бар, жалпы, 1350 тонна өнім сатып алуымыз қажет», – дейді «Қаржы компаниясы» ЖШС директорының орынбасары Лаура Жанасбаева. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: «ҚазАқпарат».
Соңғы жаңалықтар