• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Сенім грамотасын тапсырды

191 рет
көрсетілді

Қазақстанның Чех Респуб­ликасындағы елшісі Сержан Әбді­кәрімов Чех Респуб­ликасының Президенті Милош Земанға Сенім грамотасын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейін М.Земанның 2014 жылы қарашада Қазақстан Респуб­ликасына ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша екіжақты келісімдердің іске асырылуы талқыланды. Чехия Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа өзінің жылы сәлемін жолдады. Елші Қазақстан Чехиямен қарым-қа­тынастарды жан-жақты дамытуға зор көңіл бөліп, Орталық Еуропадағы маңызды серіктесі ретінде бағалайтынын айтты. Ол Чехия басшысын Қазақстанның «Нұрлы Жол» бағдарламасы негізінде әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық даму қарқыны, Елбасының бес институттық реформасы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі туралы хабардар етті. Дипломат ресми Астананың Прагамен өзара тиімді екіжақты және көпжақты пішімде сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасындағы үнқатысуды дамытуға дайын екенін атап өтті. М.Земан Қазақстанның саяси және әлеу­меттік-экономикалық жаңғырту жолындағы жетістіктерін, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік саласына қосқан елеулі үлесін жоғары бағалады. Чехия басшысы өз мемлекетінің Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу ниетін растады. Чехия Президенті елшіні ресми тағайын­далуымен құттықтап, алдағы екі ел игілігіне бағытталған қызметіне табыс тіледі.

«Егемен-ақпарат».