АСТАНА. 28 тамыз күні сағат 17.00-де Алматының Орталық стадионында КСРО спорт шебері, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Қайрат» клубының ардагері Сейілда Байшақовтың 65 жылдығына арналған «Қайрат» пен «Арлан» командаларының ардагерлері арасында матч өтеді.
Матчқа Құралбек Ордабаев, Юсуп Шадиев, Вахид Масудов, Михаил Гурман, Александр Мазманьян, Сұлтан Әбенов, Асқар Қожабергенов, Сергей Волгин, Фанас Салимов, Дмитрий Огай, Болат Есмағамбетов, Бақтияр Байсейітов, Виктор Катков және өзге де футбол ардагерлері қатысады.
Жанкүйерлер үшін ардагерлер матчын тамашалау тегін.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Қазақстан футбол федерациясы.
Сурет: egemen.kz