• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2015

Әлеуметтік сала әлеуеті жоғары қалпында сақталып қалатын болады

325 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып, қабылданды. Бірден айтайын, бұл бюджет – әлеуметтік сипаттағы бюджет деп толық сеніммен айтуға болады. Әлеуметтік саланың төрт бағыты бойынша шығыстар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, туризм), жалпы алғанда 221,6 млрд. теңгеге оңтайландырылғанмен, олардың үлесі барлық шығыстардың 39,2%-ын құрап, тұрақты болып қала береді, яғни бекітілген бюджет деңгейінде (0,2%) өсіммен. Айта кету керек, Білім және ғылым министрлігінің мә­ліметіне сүйенсек, бүгінгі күні елімізде 135 мектеп апат­тық жағдайда, 85 мектеп үш ауысымдық жүйеде қалып ке­леді. Ендігі жерде 2015 жыл­дың аяғына дейін 30 мектеп пайдалануға берілетін болады, оның ішінде 15-і апаттық жағдайдағы, 15-і үш ауысымдық. Жалпы алғанда, бұл мектептер мәселесі 2017 жылы толықтай шешіледі деп күтілуде, бұл мақ­сат­қа 2015 жылы жатақханалар мен балабақшаларды қоса алған­да, 44,8 млрд. теңге бөлініп отыр. Он екі жылдық орта білім беруге байланысты айтатын болсам, қазіргі қолданыстағы он бір жылдық білім беру жүйесі аясында он екі жылдық білім беруге көшу мектепалды дайындық есебінен жүзеге асырылады. (Яғни, 1+11). Ол үшін бастауыш білім беру стандартына мектепке дейінгі білім беру стандарттарын сәйкестендіру керек. Қажетті заңнамаға өзгерістер мен ұсыныстарды Парламент қарайтын болады. Бюджетті оңтайландыру кезінде Елбасы Н.Ә.Назар­баев­тың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында білім беру саласына берілген тапсырмалары және жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойған талаптары басшылыққа алынды. Бұл ретте, білім сала­сы­ның шығыстары бұрын жоспар­лан­­ғаннан 97,9 млрд. теңгеге ықшам­­далып, негізінен мынадай ба­ғыттар бойынша оңтай­ландырылды: - ғылыми-қолданбалы, талдамалы зерттеулер жүргізу – 9,5 млрд. теңге; - «Назарбаев Университет және Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарына нысаналы салым – 11,7 млрд. теңге, оның ішінде «Кәсіпқор» Холдингі бойынша – 4,7 млрд. теңге; - электрондық оқытуды енгізу, мамандар даярлау, біліктілікті арттыру және басқалары – 10,1 млрд. теңге; - жан басына шаққандағы қаржыландыруды тек 10-11 сыныптарда ғана енгізу жөніндегі шешімге байланысты бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға арналған шығыстар 12,3 млрд. теңге. Жоғарыда көрсетілген шы­ғыстарды азайтуды есепке алғанда, 2015 жылдың оңтай­ландырылған бюджеті бойынша білім саласына 412,8 млрд. теңге қаржы бөлінетін болады. Оның негізгі бағыттары төмендегідей: - білім беру объектілерін салу мен жөндеу жұмыстарына 65,1 млрд. теңге, оның ішінде мектеп құрылысына 44,8 млрд. теңге (республикалық бюджеттен 30,5 млрд. теңге, Ұлттық қордан – 14,3 млрд. теңге), балабақшалар мен жатақханалар салуға 18,6 млрд. теңге; - «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде білім беру объек­тілерін салуға және реконс­трукциялауға, бірінші кезекте апатты жағдайдағы және үш ауысымды оқыту мектептерінің мәселелерін шешуге – 17,3 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферт бөлінеді; - оқу мерзімі кезінде әлеу­мет­тік көмек көрсете отырып, мамандарды дайындау ісіне – 130,7 млрд. теңге, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша – 13,6 млрд. теңге; - «Балапан» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруға – 68,3 млрд. теңге. - ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру саласы (гранттар) – 87,8 млрд. теңге; - техникалық және кәсіптік білім беру саласына – 2,2 млрд. теңге; - «Назарбаев Университет» ААҚ қызметін ұйымдастыру мен жоғары оқу орындарын бітірген мамандарды одан әрі дайындауға – 17,1 млрд. теңге; - іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді  жүргізуге – 31,0 млрд теңге; - дарынды балаларды рес­публикалық білім беру ошақ­тарында оқыту және тәрбиелеуге, балаларды сауықтыру және демалыс шараларын ұйымдастыруға – 23,8 млрд. теңге және басқа да бағыттар. Жалпы айтқанда, елі­міз­дің­ білім беру саласы Елба­сы­мыздың нақты әрі дұрыс эко­но­микалық стратегиясының арқасында өзінің даму қарқынын төмендетпей, әлемдік білім беру бәсекесіне төтеп бере алатынына толық сенімдемін. Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты.