• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Маңызды шара

240 рет
көрсетілді

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты филиалына қарасты археология кабинеті мен этнография мұражайының ашылуы болып өтті, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы». Бұл маңызды мұражай тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің негізінде құ­рылып отыр. Аталған шараға Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы инс­титутының директоры Бүркіт Аяған қатысып, осы тектес кабинеттер мен мұражайлардың қашанда қажет екендігіне тоқталды, жас тарихшылардың өз білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіруге жол ашатын­ды­ғын тілге тиек етті. Іс-ша­ра Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Шараға құрметті қонақтар, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Жинал­ған қауымға қазақ және өзге ұлт өкілдерінің киім-кешегі, бұйым­дары, студенттердің өз қолымен жасаған заттары мен экспедиция­дан жиналған құнды дүниелер назарға ұсынылды. КӨКШЕТАУ.