АСТАНА. 2 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Охот теңізінде «Дальний Восток» кемесінің апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz хабарлады.
Елбасы жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Ресей Президентіне және қаза болғандардың отбастарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.