• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2015

Иран мен «алтылық» уранның көп бөлігін елден шығаруға келісті

297 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 сәуір. Иран мен «алтылық» елдері бүгін одан әрі жалғасқан келіссөз қорытындысында уранның көп бөлігін тысқары жерге көшіру жөнінде ортақ мәмілеге келді. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлады. «Тегеран мен «алтылық» уран қорының көп бөлігін елдің сыртына шығару жөнінде келісті», деп мәлімдеді Reuters. Бұдан бұрын Иран сыртқы істер министрлігінің басшысы Джавад Зариф ядролық бағдарлама бойынша жүргізілген келіссөз барысында «шешім табылды» деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі бірлескен мәлімдемеде келіссөзді бұдан әрі жалғастырып, оның шекті мерзімін 30 маусымға көшіру үшін қол жеткен ілгері жылжушылықтың жеткілікті екені айтылатыны хабарланған болатын. Мұрат Айтқожа. Мәнбе: Газета.Ru. Сурет: Reuters.