АСТАНА. 3 сәуір. Мексика шығанағында орналасқан Abkatun Permanente платформасындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы Lenta.Ru хабарлады.
Мұнай кенішіндегі екі күнге созылған өрттің сөндірілгені туралы ақпарды платформа иесі – Pemex компаниясы Twitter әлеуметтік желісінде мәлімдеген.
Хабарламада сондай-ақ интернетте жариялаған платформаның қирап қалғанын көрсететін суреттің шындыққа жанаспайтыны атап өтілген. Pemex компаниясының өкілі Abkatun Permanente платформасында орын алған инцидентке байланысты басқы нысандарда мұнай өндіру ауқымын арттыруға тура келетінін алға тартады.
Reuters хабарлағандай, өрттің салдарынан мұнда 4 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алған. Платформадан 302 қызметші әкетілген.
Өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Ол Abkatun Permanente аумағында 1 сәуір күні басталған.
Соңғы жылдары Мексиканың Pemex мемлекеттік компаниясының нысандарында бірнеше рет әртүрлі инциденттер орын алды. 2013 жылы оның штаб-пәтерінде жарылыс болып, кем дегенде 37 адам қаза тапты. 2012 жылғы қыркүйекте Pemex зауыттарының бірінде лап еткен өртте 26 адам ажал құшты.
Мұрат Айтқожа.
Мәнбе, фото: Lenta.Ru.