• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2015

Құтқарушыларға мың алғыс

597 рет
көрсетілді

Биылғы  жылдың  24 наурыз күні шамамен сағат кешкі 5-тің кезінде топан су ең алдымен А.Матросов көшесіндегі, соңынан іргелес жатқан Мир, Пекарский переулок, Южная, Ж.Қыздарбеков атындағы көшелеріндегі үйлерді басып өтті, Тіпті, А.Матросов кө­­шесі, 42 үйде тұратын Талғат  Нұр­мағанбетов 57 бас үлкен-кіші­лі қой-ешкісін мал қорасынан шығарып та үлгермеген. Үйдің іші­не кірген су өз алдына. Ал енді, Ж.Қыздарбеков атын­дағы көшенің № 7 үйі толығымен су астында қалды. Пәтер иелерін арнайы техникамен алып шығуға тура келді. Осы үйдің 25 тұрғыны көшіріліп, Ә.Ермеков атындағы мектеп-интернатына орналастырылды. Жалпы, елді мекен бойынша 19 көше, 38 үй су тасқынының зардабын шекті. Төтенше оқиғаны естісімен Ақа­дыр кентіне Қарағанды облы­сының әкімі Н.Әбдібеков өзі келіп, мән-жағдаймен жеке танысып, шұғыл түрде жедел жиын өткізіп, төтенше жағдайды тоқтату, құтқару жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырмалар берді. Тосыннан болған апатқа аудан және кент әкімдіктері де жедел шаралар қолданды. Ең алдымен аудан бойынша су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланып. жедел штаб құрылды, Оны аудан әкімі Р.Әбдікеров ұйымдастырушылық шеберлігімен ұтымды басқара білді. Кенттегі кәсіпорын, мекемелердің қол күші, арнайы техникалары бір кісідей жұмылдырылды десек, артық айт­қандық емес. Әсіресе, Қарағанды қаласынан арнайы шақырылған Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты №52589 әскери бөлімінің көмегі орасан болды. 125 әскери адам қол күшімен, 6 мамандандырылған техниканы пайдаланып үш күн бойы тыным таппай топан сумен арпалысты, Әскерилер қапшықтарға құм толтырып, кәдімгі майдандағыдай иесіз суға қарсы бөгеттер жасады. Осы әрекет суды арықтарға бұ­руға, су алатын үйлерді мейлінше азайтуға үлкен септігін тигізді. Кент тұрғындары олардың көмегіне дән риза болды. Осы жағдайды пайдалана отырып, құтқару жұмыстарына үлкен қолғабыс берген, уақытпен санаспай нағыз ерлік пен отансүй­гіштігін көрсеткен әскери бөлім­шесінің солдаттарына, оларды бас­қарып келген подполковник Әрлен Бүркітбайұлына және Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департаментінің басқар­ма басшыларына зор алғысымызды білдіреміз. Манат ӘБЕУОВ, Нұрзат ТӨЛЕГЕН, Данияр ІҢКӘРБЕКОВ, Панаркүл ІҢКӘРБЕКОВА, Сандуғаш ІҢКӘРБЕКОВА, Майра ӘБІШЕВА. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті.