• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

100 нақты қадам және біз

430 рет
көрсетілді

Елбасының көрегенді саясатын тағы бір қырынан айқындаған жоба – Ұлт жоспары, яғни бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» екені анық. Ұлт жоспарында денсаулық сақтау саласы да кеңінен айтылған. Бүгінгі күні ауыл медицинасы әрбір тұрғынның денсаулық сақтау мекемелеріне қаралуын қадағалайтын Бірыңғай ұлттық жүйесін енгізумен ерекшеленіп отыр. Яғни, ауыл дәрігерлерінің әрбір пациентті қабылдауы бір­ден электрондық базаға енгі­зіліп, ашық түрде көрсетіледі. Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемле­кеттік бағдарламасының аясында бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жетілдіру мен одан әрі дамытуға басымдылық берілді. Осыған орай, Жуалы ауда­нындағы емханалар мен басқа да медициналық мекемелердің барлығы компьютермен қам­ты­лып, интернет желісіне қосылған. Бүгінде электрондық байланыс денсаулық сақтаудың бірқатар ақпараттық жүйелерін пайдалану, науқастар туралы ақпараттарды алмасу барысында менеджерлерге жедел ақпарат алуға және өз уақытында басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беруде. Бекітілген халық тізіміне Жуалы ауданы бойынша 50 мың адам тіркелген. Сондай-ақ, аудандағы дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункттер телефон желісімен қамтылған. Бұл шалғайдағы медициналық пункттердің аудандық аурухана мен емхана дәрігерлерімен хабарласып, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беруде. Жалпы алғанда, аудан бойынша орталық аурухана, емхана, туберкулезге қарсы диспансер, 8 дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП және 32 медициналық пункт қызмет көрсетуде. Аудан­дық ауруханада телемедицина орталығы жұмыс істейді. Ауыр науқастар түскен жағдайда ке­зекші дәрігерлер «телемедицина көпірін» пайдалана отырып, облыс орталығындағы дәрігерлерден ақыл-кеңес ала алады. Жылдан-жылға ауданның денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі артып келеді, 2012 жылы бөлінген қаражат 754 382 мың теңгені құраса, өткен жылы ол 931 385 мың теңгені құрады. БМСК-ды ғимаратпен жаб­дық­тау мәселесіне соңғы 4 жылда көп көңіл бөлініп, жаңадан 10 медпункт пен 1 дәрігерлік амбулатория ғимараты тұрғызылып, пайдалануға берілді. Кеңестік кезеңнен қалған әртүрлі ве­дом­с­­тво­­лардың, әкімдіктердің тең­ге­ріміндегі медициналық мекемелер ғимараты орталық аурухананың теңгеріміне қайта алынып, күрделі жөндеуден өткізілді. Енді алдағы жылдарда 3 дәрігерлік амбулатория мен 4 фельдшерлік пункт ғимаратын салу жоспарлануда. Аудандық аурухана заманауи аппараттармен жабдықталған. Медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 32-ден 79 пайызға жетті, 8 дәрігерлік амбулатория медициналық көлікпен қамтылған. «Саламатты Қазақстан» бағдар­ламасы бойынша құрамында 11 маман дәрігерлерден құралған жылжымалы медициналық кабинет шалғайда орналасқан Қошқарата, Билікөл, Ақтөбе, Күреңбел ауылы тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде. Бұл дәрігерлік бригада жылжымалы автофлюрографпен қамтылған. Сондай-ақ, теміржол бойында орналасқан Шақпақ, Сұрым, Күркіреу су разьездеріндегі тұрғындарға «Денсаулық пойызы» медициналық көмек көрсетті. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуіне байланысты жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Жуалы аудандық орталық ауруханасы ҚР Ден­саулық сақтау министрлігінің бұйрығымен «Ең үздік 50 ауру­хананың» қатарына енгізілді. Шыны керек, ауыл медицинасына Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуі үлкен серпін берді. Елдің дәрігерлік көмекке жүгінуіне толық мүм­кіндігі бар, осыған орай әрбір пациентке қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетілуде. Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері. Жамбыл облысы.