Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Охот теңізінде «Дальний Восток» кемесінің апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Елбасы жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Ресей Президентіне және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.