• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

Қостанайда эбола вирусына қарсы жаттығу жұмысары өтті

209 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 28 тамыз. Әулиекөл ауданында эбола ауруына қарсы арнайы тактикалық оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әулиекөл ауданындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Әулиекөл ауданының тұтынушылардың құқығын  қорғау басқармасымен бірігіп, аудан аумағында Эбола ауру белгілерімен ауырған адам табылған жағдайда шұғыл іс-әрекет жасау  үшін арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығу барысында Эбола ауру белгісі бар адамды аудандық орталық аурухананың инфекция бөлімшесіне оқшаулау мәселесі, сонымен қатар ауданның жедел жасағын тарту аурудың шыққан жеріне алғашқы санитарлық-эпидемиялық жұмыстарды жүргізу мәселесі жаттықтырылды. Аудандағы шұғыл қызметтің қалыптасқан өзара әрекеті, мүмкін болатын жағдайларды жою бойынша шараларды уақытында қабылдау – ТЖ уақытылы және тиімді жою үшін маңызы бар шешім болары анық. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz