[caption id="attachment_74506" align="aligncenter" width="560"] Photo Vladimir BUGAYEV[/caption]
ПАВЛОДАР. 28 тамыз. Павлодар мұнай-химия зауыты қыркүйекте жөндеуге жабылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осыған байланысты аймақ басшысы Қанат Бозымбаев облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілісте аудан басшыларына тамыз айына бөлінген арзандатылған дизель отынын тез арада тасымалдау керектігін айтты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, күзгі-жиын терін кезінде облысқа 21 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Ал, жанар-жағармайды тасымалдауда Железин, Ертіс аудандары артта қалыпты.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz