ҚАРАҒАНДЫ. 3 сәуір. Қарағандыда ҰОС-тағы Жеңістің 70 жылдығына орай 8 000-ға жуық адамға бір жолғы материалдық көмек беріледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарская: «Қаламызда 170 ҰОС қатысушы мен мүгедегі, жеңілдікке ие санаттағы 7 681 тұлға тұрады. Бұлардың барлығына бір жолғы көмек беріледі», – деді.
Аталмыш мақсатқа республикалық бюджеттен 213 млн. теңге, қала бюджетінен 129 млн. теңге қаралған. Соғыс мүгедектері мен оған қатысқандар 250 мың теңгеден берілмек. Оның 100 мың теңгесі- республикалық бюджеттен, 150 мың теңгесі жергілікті қазынадан бөлінбек.
Айқын Несіпбай.
Дерек: Қарағанды қалалық әкімдігі.
Сурет: khabar.kz.