• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2015

Өмір желісі

384 рет
көрсетілді

Ақтөбе қалалық әкімдігінде акция аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың бір тобымен кездесу өткізіліп, оларға «Дабыл» түймелі ұялы телефон табыс етілді. Акцияның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысу­шыларды «Дабыл» нүктесі бар ұялы телефонмен қамтамасыз ету болып табылады. Кездесуде сөз алған қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева акцияға келген соғыс арда­герлерін алда келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады, осы бағытта атқа­рылып жатқан жұ­мыстарға тоқталды. Оның айтуынша, облыс орталығында небәрі 134 майдангер тұрады екен. Мерекеге дайындық барысында тұрғын үйін жөндеуді, басқалай да әлеуметтік көмек­ті қажет ететін соғыс арда­гер­лерінің толық тізімі алынған. Мерекелік шаралар өтетін жер­лер белгіленген, қаладағы Кеңес Одағының Батырлары мен «Даңқ» орденінің толық иегерлері атындағы көшелерді жөндеу, көріктендіру жұмыс­тары жүргізілетін болады. «Еуразиялық Медиа-фо­рум» халықаралық қорының өкі­лі Сабыржан Дәулетияров жеңісті жақындатқан қарт жау­ын­герлерді алдағы келе жат­қан мерейлі мерекелерімен құт­­тықтап, «Жеңіс.кz» сайты ашыл­ғанын, сол арқылы жас­тарға Ұлы Отан соғысы және май­дангерлер туралы толық ақпарат беруді жүйе­лей­тін­дік­терін жеткізді. Ал, «Өмір жолы» қоғамдық қорының дирек­­­торы Ернар Нұрбеков ардагерлерге «Дабыл» түймесі бар ұялы телефонның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Соның өзінен кейінгі толқынның майдангерлерге деген құрметі ерекше екенін аңғартты. Бүгінде май­дангерлер қатары сиреген, көпшілігі сырқат. Телефонның бір жақсысы – оны құлағы ауыр еститін, көзі көрмей қалған қарт жауынгерлер еркін пайдалана алады. «Дабыл» түймесін басса, ақпараттық дабыл Астана, Ал­маты және Қарағанды қала­ла­рындағы операторларға түседі. Олар бірден соғыс ардагеріне жақын жерден шұғыл көмек бригадасын аттандырады. Ол осы уақытқа дейін 400-ден астам ардагерге көмек көрсетіліп, 3 май­дангерді ажал аузынан аман алып қалғандарын айтып өтті. Республикалық көмек орта­лығы «ҚазТелеком» базасында жұ­мыс жасайды. Базада бүгінде жер басып жүрген 5083 қарт жау­ынгердің жағдайы түзілген кар­та бар, одан майдангерлер туралы барлық ақпа­раттарды табуға болады. Ұлы Отан со­­ғы­­­сының ардагері, Ақтөбе қа­ла­­сының құрметті азаматы Вла­димир Финютин майдангерлерге әлеуметтік қолдау көрсе­тіп, ден­саулықтарын түзеу­ді ұдайы на­зарда ұстап, қадағалап тұр­ған Ел­басына, Үкіметке және жер­гілікті билікке ризашылығын білдірді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.