АСТАНА. 12 наурыз. Бүгін түнде Астананың қолайсыз ауа-райына қарамастан 83205 әскери бөлімінің жеке құрамы шартты жауынгерлік даярлықтың жоғарғы деңгейіне келтірілді. Бөлімшелер шоғырлану ауданында тактикалық-саптық жаттығуларын өткізд. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығу барысында 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Астана маңындағы Павлодар тас жолы бойында орналасқан Бұлақсай ауылында қар құрсауынан 5 көлікті алып шығып, басқа автокөліктерге жол ашты.
Аталмыш іс-шараның мақсаты «жиын», «дабыл» бұйрықтары бойынша тәуліктік наряд пен бөлім жеке құрамының іс-қимылдарын жаттықтыру болғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, көліктерді парктен шығаруды ұйымдастыру тәртібін, парк және бағыттарда оларды реттеу, марш жасау, штабтық модульді көліктер кешенін орнату.
Көліктер марш аясында 1 және 2 автокөлік батальондарының және 4 модульді далалық жылжымалы басқару пунктінің автокөлік техникалары қолданылды.
Шоғырлану ауданына жасалған марш барлық бекітілген талаптар мен қауіпсіздік шараларын сақтаумен бекітілген бағытқа сәйкес атқарылды.
Мұрат Айтқожа.