• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2010

Ұлттық қор құжаттары электронды мұрағатқа көшірілмек

441 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен Сыр аймағындағы ұлттық мұрағат қорына жататын құжаттар электронды мұрағатқа көшірілмек. Облыстық мұрағат қорындағы құжаттарды сандық үлгіге көшіру мақсатында жергі­лікті бюджеттен 32 млн. 974 мың теңге қаржы қаралып, осы бағдар­ламамен жұмыс жасайтын ақпараттық технологиялар бөлімі үшін 4 штаттық бірлік берілген. Сыр аймағындағы мұрағаттар қорларындағы құжаттарды сан­­дық үлгіге көшіруге байланысты бө­­­лін­ген қаржыға сәйкес тендер жария­ланып, нәтижесінде “Лето­граф ИТ Консалтинг Қазақстан қызметі” ЖШС жеңімпаз болып танылады. Летограф жүйесінің ерекше­лігі – бағдарламалық кодқа өз­геріс енгізуді талап етпейді, қа­жетті­лі­гіне қарай қызметін өз­гертуге бо­лады,-дейді “Летограф ИТ Кон­салтинг Қазақстан қыз­меті” ЖШС директорының орынбасары М.Прокопьева. Бүгінде электронды мұрағат үшін арнайы автоматтан­ды­рыл­ған бағдарламаны орнатуға Ре­сей­дің Мәскеу қаласы мен Алма­­тыдан арнайы атбасын бұрған мамандар щұғыл кірісіп те кетті. Еркін ӘБІЛ. Қызылорда.

* * *

60 қол арба сыйлады

Облыс орталығындағы “Ба­қыт бағанасы” ескерткішінің ала­ңын­да “Бірлігіміз жарасқан!” респуб­ли­ка­лық акциясы аясында ақтө­беліктер айта жүретіндей әдемі шара өтті. Шараға қа­тыс­қан Ден­саулық сақтау  министр­лігі жа­нындағы “Денсаулық сақ­тау ин­вестициялық жобаларын басқару ор­талығы”ЖШС-нің бас менед­жері Арынғазы Беркімбаев өзінің қаржысы есебінен 60 мү­гедек адамға қоларба сыйлады. Ақтөбе қа­ласы әкімінің орынба­са­ры Сә­ния Қалдығұлова жергі­лікті би­лік­тің мүмкіндігі шектеу­лі мүгедек жандарға қайырым­ды­лық жасау мақсатында ұйым­дар­мен, кәсі­п­ор­ындармен, кә­сіп­керлермен бір­лесе жұмыс жасап отырғанын жеткізді. Атымтай жомарттық та­­нытқан азамат Арынғазы Беркім­баев қала әкімдігімен ақылдаса ке­ліп, мүмкіндігі шектеулі жан­дарға қайырымдылық көмек көр­сетуді шешкенін, мұның ақтөбе­ліктерге деген аз ғана қолдауы екенін айтты. Өз кезегінде сөз алған облыстық мүгедектер ұйы­мы­ның төрағасы Федор Чемо­данов пен сал ауруларына шал­дық­­қан азаматтарды қорғау қоға­мының төрайымы Құралай Бәй­менова оған қайырымдылық көме­гі үшін ризашылық білдірді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.