• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2010

Атом саласының білгір маманы

655 рет
көрсетілді

2010 жылғы 10 тамызда белгілі маман, ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Экология ұлттық академиясының академигі, Қазақстан Республикасының “Ұлттық ядролық орталығы” РМК бас маманы Жанболат Ғыл­манұлы Ғылмановтың туғанына 75 жыл және еңбек және ғылыми қызметіне 55 жыл толмақ. Жанболат Ғылманов  1935 жылы 10 тамыз­да Қазақ КСР Ақтөбе облысындағы Ново­российск ауданының Қызыл қайың ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Ақтөбе қаласын­дағы №6 орта мектепті үздік тәмамдап, Н.К.Крупская атындағы Семей педагогика институтының физика-математика факультетіне (физика бөлімі) түсті. 1954-1955 жылдары М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің экономика фа­куль­тетінде оқып, әрі еңбек етті. 1956-1959 жылдары – КСРО Қарулы Күштері қатарында әскери қыз­метін өтеді, ҰОС қатысушы­ларына теңестірілген интер­нацио­налист-жауынгер мәртебесіне ие, запастағы офицер. 1959-1962 жылдар ара­лығында ММУ-дегі оқуын әрі қарай жалғастырып, сондағы құрылыс басқармасында қызмет атқарды. 1962 жылы М.И. Калинин атындағы Мәскеу алтын және түрлі-түсті металдар институтына (сирек және радиоактивті эле­мент­тер факультеті) түсті. 1963 жылы КСРО Министрлер Кеңесі­нің қаулысымен МТМИ Красноярск қаласына ауысады, ал СРЭ факультеті С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу геологиялық барлау институтына қосылады. 1968 жылы институтты пайдалы қазбаларды әзірлеу жөніндегі инженер мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және жобалау институтына (ПромНИИпроект, Мәскеу қ) жұмысқа жолдама алды. Бұл институтта 1968 - 1971 жылдар аралығында инженер, кіші ғылыми қызметкер қызметін атқарды. 1971 жылы Өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу және жобалау институтының №3 Сібір фи­лиалына (Чита облысы, Краснокаменск қ.) жолдама алып, онда зерттеу тобының бастығы қызметін атқарады. 1978-1981 жылдар аралы­ғында Өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу және жобалау институты жанындағы аспирантураны тәмамдап, 1983 жылы кандидаттық диссер­тация қорғады. 1981 жылы Сібір филиалынан өнеркәсіптік технология БҒЗЖИ бас институтына (Мәскеу қ., бұған дейін ӨҒЗЖИ) зерттеу тобының бастығы, аға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылды. 1985-1987 жылдары КОКП Мәскеу қалалық комиссиясының жанындағы Марксизм-Ленинизм университетінде оқып, оны үздік тәмамдап шықты. 1986-1988 жылдары МХР (Дорнот қ.), ГДР (“Висмут” кеңестік-германиялық АҚ, Карл Марксштадт қ.) уран кен орындарын әзірлеуге ғылыми кеңесші ретінде қатысты. Мәскеу қаласындағы ғылыми қызметінің барысында Ж.Ғылманов 3 техника ғылымдары кандидатын даярлап шығарды. 1989-1992 жылдары Ж.Ғылманов  “Невада- Семей” халықаралық ядро­лық қаруға қарсы қоз­ғалысының Мәскеудегі бөлімін құруға белсене қа­тысты және Олжас Сүлей­меновтің өкімімен тең төраға етіп сайланды. 1990 жылы КСРО Ми­нистр­лер Кеңесі жанын­дағы Қазақ КСР Тұрақты өкілдігі жа­нындағы “Әлем қалау­лылары ядролық қаруға қарсы” халықара­лық кон­гресінің және “Қазақ тілі” қоғамының жұмысы­на қа­тысты. 1992 жылы мәскеу­­лік және ленинград­тық қазақ диас­порасының же­текшісі ретінде бірінші құрылтай конгресінің (Алматы, 1992 ж.) жұмы­сына қатысты. 1988-1992 жылдары ғылыми жетекші ретінде Қазақстаннның тау-кен кәсіпорын­дарында (Шалқия кен басқармасында, Ащысай, Жезкент, Текелі полиметалл комбинаттарында) “Тау қысымы” және “Жер астындағы бос кеңістіктерді жабу” мәселелері жөніндегі зерттеулерге қатысты. 1993 жылы Ж.Ғылманов  өнеркәсіптік технология БҒЗЖИ-нан (Мәскеу қ.) ҚР Ұлттық ядролық орталығына (Қазақстан, Курчатов қ.) ауыстырылып, бас директордың экономика және маркетинг жөніндегі орын­басары лауазымына тағайындалды және осы орталықты ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. 1993-1994 жылдары Ж.Ғыл­манов ҚР Үкіметінің қаулысымен Семей сынақ полиго­ны­ның нысандарын және Курчатов, Қаскелең, Ақтөбе, Бурабай, Мақан­шыдағы геофизикалық обсерваторияларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары болып тағайындалды. 1995 жылы ол басқарған ведомствоаралық комиссия Атырау облысын­дағы “Галит” (Азғыр) нысанын қабылдады. 1997-2000 жылдары бірнеше рет Қазақстан аумағындағы ядролық жарылыстар өткізілген нысандардағы және “Байқоңыр” кешеніндегі экологиялық ахуалды бағалау жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшесі ретінде оның жұмыс­тарына қатысты. 1999 жылы Ж.Ғыл­манов  Қазақстан­ның “Азамат” демократиялық партиясы атынан Қазақстан Республикасының Мәжілісі Парла­ментінің 2-шақырылымының депутаты канди­даттығына ұсынылды. 1995-2007 жылдар аралы­ғында оның ғылыми-әдістемелік басшылық етуімен және тікелей қатысуымен Қазақстан аумағындағы бейбіт мақсатта жарылыс жүр­гізілген аумақтарды зерттеу және аса қауіпті және уытты қалдықтарды кәдеге жарату мен көмудің мақсатқа лайықты мәселесі бойынша Еуропа Одағымен қаржыландырылған 3 халықаралық жоба әзірленді. Ж.Ғылманов  ҚР “ҰЯО” РМК ҒТК мүшесі болып табылады. Ж.Ғылмановтың 100-ге жуық ғылыми еңбегі бар, соның ішінде 60-ы кеңестік, қазақ­стандық және шетелдік жинақтар мен журнал­дарда басылған. Өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен ол Мәскеу, Свердловск, Ново­черкасск, Чита, Норильск, Орынбор, Красно­каменск (Ресей), Днепро­петровск, Желтые Воды (Украина), Брюссель (Бельгия), Вена (Австрия), Берлин, Гамбург, Пейне, Хемнитц (Германия), Афины, Родос (Грекия) сияқты қалаларда өткен халықаралық шетелдік семи­нар­ларда, конференцияларда баяндама жасады. Ол “Өмір жолында достармен бірге” деген атпен кітап жазды. 2 монографияның, “Алыс жұлдыз жарығы” деп аталатын ғылыми-техникалық фильмнің қосымша авторы және ғылыми кеңесшісі болды. 2 өнертабыстың иегері атанды. Ұзақ жылғы ғылыми және қоғамдық қызметі үшін Ж.Ғылманов алғыс хаттар мен ынталандыруларға ие. 1990 жылы “Еңбек ардагері” медалімен, 1999 жылы “Ресей Фе­дера­циясы атом энергетикасының ардагері” белгісімен, 2001 жылы “Қазақстан Респуб­ликасы тәуелсіздігіне 10 жыл” мерейтойлық медалімен, 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті мен ҚР ЭМРМ-нің Құрмет грамоталарымен, 2007 жылы “Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері” алтын төсбелгісі­мен, “Астанаға 10 жыл” медалімен (2008ж.); “Невада-Семей 20 жылдығы” медалімен (2009ж.) марапатталды. Ж.Ғылмановтың зайыбы Күләш Қарасайқызы мамандығы бойынша экономист, ҚР ҰЯО Атом энергиясы институтының бас бухгалтері болып жұмыс істеді, қызы Ариадна мамандығы бойынша инженер-химик және экономист, ұлы Нұрлан Чех Респуб­ликасындағы ҚР елшілігінде 3-ші хатшы, Арман, Абылай, Жанна атты үш немересі бар. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы. ______________________ Суретте: Ж.ҒЫЛМАНОВ.