• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2010

Өзара іс-қимылдар нығая бермек

392 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің төра­ғасы генерал-лейтенант Әділ Шаях­метов елімізде жұ­мыс сапарымен жүрген Гер­ма­ния Федеративтік Рес­пуб­лика­сының Қылмыстық поли­циясы федералдық ведомство­сы­ның президенті Йорг Цир­кемен кездесті. Кездесу барысында халық­ара­лық терроризмге, есірткі сау­дасы мен ұйымдасқан қыл­мысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері бой­ынша екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқы­лан­ды, сондай-ақ қазіргі заманғы қау­іп-қатерлерге қарсы тұру ке­зіндегі өзара іс-қимылды ны­ғай­тудың нақты шаралары айқындалды. Сонымен бірге, ГФР Қыл­мыс­тық полициясы федераль­дық ве­домствосы делегация­сы­ның Қазақ­стан Республикасы құқық қорғау органдарының және есірткі затта­ры, психо­троп­т­ық заттар әрі олар­дың пре­­курсорларының заңсыз ай­налымына қарсы күрес жө­ніндегі Орталық Азия өңірлік ақ­параттық үйлестіру орталы­ғы­ның басшылы­ғымен кезде­су­лері жоспарланған, деп хабар­ла­ды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.