2010 жылғы республикалық “Жол картасы” бағдарламасын жүзеге асыру кезінде Ақсу қаласынан және оның ауылдық аймақтарынан 160 адамды кәсіптік оқуға жіберу жоспарланды. Ал 1 тамыз жағдайына қарай кәсіптік оқытуға 167 адам жіберілді.
151 оқу бітірген жұмыссыздардан 139 адам немесе 92,0%-ы жұмысқа орналастырылды.
Павлодар, Ақсу қалаларының 4 оқу орнында: №3, №19 кәсіптік лицейлерде, медициналық колледжде, Жаяу Мұса атындағы колледжде және қосымша “Отан” қоғамдық бірлестігінің оқу орталығында жұмыссыздар тракторшылар, электрмен дәнекерлеушілер, аспаздар, электр монтерлері, жабдықтарды жөндеуші слесарлар, құрылыс жөндеу жұмыстарының шеберлері, “В”, “С” категориялы автокөлік жүргізушілер, медбибілер, шаштаразшы мамандықтары бойынша оқып шықты.
Е.Бобчихина, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.
Павлодар облысы, Ақсу қаласы.