• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2010

Ресейдегі имандылық үйі

494 рет
көрсетілді

Ресейдің Астрахань облысы, Енотаев ауданындағы Восток се­лосында мешіт ашылды. Иман­дылық үйінің ашылу рәсіміне Астрахань облысының мүфтиі Назымбек Ильязов қатысып, тұрғындарды жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады. Мүфти имандылық үйінің қалаларда ғана емес, селоларда да бой көтеруі, Ресей жерінде тұрып жатқан барша мұсылмандарға көрсетілген құрмет екендігін атап өтті. Сондай-ақ ол бүгінде көп­ұлтты Астрахань облысында ме­шіттермен қатар, шіркеулер мен синагогалар келушілерге қызмет етіп жатқанына, бұл кейінгі ұрпаққа өз діндері мен салт-дәстүрлерін дамытуға үлгі-өнеге болатынына тоқталды. Мүфтидің сөзін аудан бас­шы­сы Михаил Анишко да қолдап, көпшілікті мешіт үйінің ашылуы­мен құттықтады. Сонымен бірге, аудан басшысы өзінің ұлттық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып Төлеген Мақашевтің, ал Енотаев ауданының имамы болып Ильдар Жавдетовтің бекітілгенін хабарлады. Аманжол ИЛЬЯСОВ, Ресей Журналистер одағының мүшесі. Астрахань облысы.