• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2010

Түрмедегі төтенше жағдай

586 рет
көрсетілді

Қылмыстық атқару жүйесі ко­митетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 12 тамыз күні жур­на­листерді арнайы баспасөз мәс­ли­хатына шақырды. Оған департа­мент бастығының міндетін атқа­рушы, әділет подполковнигі Жанат Кешубаев, Ақмола облысының про­куроры Болат Абдулов, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы тө­рағасының орынбасары Дулат Жұ­рымбаев, жабық мекемелердің жұ­мысын бақылау жөніндегі қоғам­дық комиссияның төрайымы Лю­бовь Рубежанская қатысып, Гра­нит­ный поселкесіндегі ЕЦ-166/25 колониясындағы үш күнге со­зылған бүлікке қатысты түсінік берді. 2010 жылғы 9 тамыздың ке­шін­де жалпы режімдегі колониядағы жазасын өтеушілер арасында тө­белес шығып, төрт адам ауыр жа­рақат алған. Оның арты жүздеген адам қатысқан жаппай бүлікке ұласып, колония әкімшілігі мен қызметкерлеріне қысым көрсету арқылы заңсыз талаптар қойылды. Жағдай келесі күні де ушығып, тө­тен­ше жағдай жарияланды. Депар­та­мент басшылығы, прокуратура, қоғамдық ұйымдар тарапынан құрылған арнайы штаб жүргізген түсінік жұмыстары нәтижесінде 50 адам заңсыз әрекеттерден бас тарт­қа­нымен, жағдай күрделілене түс­кен. Ақырында, 11 тамыз күнгі 22.00 сағатта ІІМ күштерімен ар­найы операция жүргізуге шешім қа­былданды. Сөйтіп, бүлік ауыз­дық­талып, жағдай қалыпты сипат алды. Баспасөз мәслихатын өткізуші­лер­дің мәлімдеуінше, бүлік сал­да­рынан жазасын өтеуші 81 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, оның 70-і Көкшетаудың 4 ауру­ханасына жатқызылған. Өзін-өзі өртеген екі адамның біреуі қай­тыс болыпты. Әскерилер қа­та­рынан да үш кісі жарақаттанған. Облыстық ішкі істер департа­мен­ті осы оқиғаға қатысты Қыл­мыс­тық кодекстің 360 және 361-бап­тарымен қылмыстық істер қоз­ғап, зерттеу-тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.

* * *

Адам сатқан күдікті қолға түсті

Ақтөбе облысының ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 37 жастағы азаматты құрықтады. Күдікті адам саудасымен айналысқан. Маусым айының басында ІІД Ұйымдасқан қыл­мысқа қарсы күрес басқармасына жедел мәлімет түсіпті. Ақтөбе қаласының ма­ңын­дағы саяжайда адам саудасымен айналысатын Мұрат есімді азмат бар екенін полицейлерге 31 жас­тағы жігіт хабарлаған көрінеді. Ақтөбе облысының ІІД басшылығы осы ақпаратты тексеріп, анық-қанығына көз жеткізген соң, күдіктіні қолға түсіру үшін арнайы жос­пар құрған. Кешенді жедел іздестіру шарасы барысында 37 жастағы күдікті 44 жастағы адамды сату сәтінде қолға түсті. 44 жастағы азаматтың құнын 48 мың теңгеге бағалапты. Бұл шұғыл шара прокуратура және басқа да құзырлы органдармен бірге жүзеге асып отыр. 44 жастағы сатылған азаматтың тұрғылықты мекен-жайы болмаған. Жәбірленушінің айтуынша саяжайда үш тәулік бойы қамауда отырған екен. Өз “қожайынының” бірнеше мәрте ұрып-соққанын жасырмайды. Күдікті бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған. Қазір 37 жастағы азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 128-ші бабы бойынша іс қозғалды. Мәди ҚУАНЫШҰЛЫ. Ақтөбе.