• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2010

ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті Астанада өтеді

523 рет
көрсетілді

11 тамызда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстанның ШЫҰ төрағалығы аясында ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілерін және ШЫҰ хатшылығы басшыларын қабылдады, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Үйлестірушілер 2011 жылдың маусым айына дейін ШЫҰ-ға қа­зақ­стандық тараптың төрағалы­ғы­мен 10-11 тамыз аралығында Ас­та­нада өткен Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің нәтижелері туралы баян­дады. Онда Қазақстанның төрағалы­ғы кезінде ШЫҰ-ның 2010-2011 жыл­­дарға арналған іс-қимыл жос­пар­лары және 90-нан астам түрлі деңгейдегі шаралары  келісілген. Қанат Саудабаев Шанхай ын­ты­мақтастық ұйымы ағымдағы қыз­метінің негізгі үйлестіруші механизмдерінің ерекше институты болып табылатынын атап өтіп, Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің жұмысына жоғары баға берді. Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ мүше мемлекеттер мен Ұйымның тұрақты қызмет ететін органдарына ұйым тарихында алғаш рет орын алып отырған 2010-2011 жылдарға арналған ШЫҰ іс-қимыл жоспары жөнінде қазақстандық бастама­лар­ды қолдағандары үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, мүше мемлекеттердің ортақ күш-жігері, Ұлт­тық үйлестірушілер кеңесінің үйлестірушілік рөлі және Хат­шы­лық пен өңірлік антитеррорлық құрылымның қолдауымен ШЫҰ өзінің 10 жылдық мерейтойына арналған 2011 жылы Астанада өтетін саммитті жоғары әрі сапалы деңгейде өткізуге дайындықтың  жүйелі  қамтамасыз етілетініне сенім білдірді.