• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2010

Қор қызметінде кінәрат жоқ

437 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр, Директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен “Самұрық-Қазына” қоры басқармасының кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырыста сөз алған қор бас­қар­масының төрағасы Қайрат Келімбетов Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асы­ру­дағы ең белсенді кезеңнің 2009 жылға сәйкес келгеннін атап өтті. Биылғы жылы қор жұмысында эко­номиканы модернизациялауға ықпал жасауға және қор компа­ния­ларындағы корпоративтік бас­қа­руды жетілдіруге басымдықтар беріліп отыр. Бірінші бағыт бойынша үде­ме­лі индустриялық-инновациялық да­мудың мемлекеттік бағдарлама­сын­дағы жобаларды жүзеге асы­руға маңызды рөл бөлінеді. Осы­лайша елді индустрияландыру картасы шеңберінде 43 миллиард АҚШ доллары тұратын жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы қаржының 22 миллиард дол­лары немесе 50 пайыздан астамы қордың үлесіне тиесілі. Индус­трияландыру картасына қордың 53 жобасы еніп отыр. Олардың 35-і республикалық маңыздағы, 18-і өңірлік жобалар болып табылады. Жоғарыда аталған 53 жобаның 32-сін Қазақстанның Даму банкі ар­қылы жүзеге асыру көзделуде. Ал қалған 21-і “ҚазМұнайГаз”, “Қа­зақ­стан темір жолы”, КЕГОК, “Самұрық-Энерго” сияқты еншілес компаниялар арқылы жүзеге асырылатын болады. Жобалар белгіленген кесте бойынша жүзеге асуда. Бірінші жартыжылдықта қор сегіз жоба бойынша құрылыс-монтаж жұ­мыс­тарын жүзеге асырды. Жыл со­ңына дейін тағы да жалпы ин­вестициялық көлемі  13 миллиард доллардан асатын қосымша 8 инвестициялық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады. Қолға алынған жобалардың түгелдей жүзеге асуы 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызбақ. Ал құры­лыс барысында 50 мыңнан астам адам жұмысқа тартылмақшы. Индустрияландыру картасына енген жобалардың жүзеге асуын ұйымдастыру үшін қор жанынан басқару орталығы құрылды. Бекі­тіліп берілген барлық жобалар бойынша жұмыс топтары жұмыс істейді. Қ.Келімбетовтің атап өткенін­дей, бірінші жартыжылдықтағы қаржылық есептіліктің алдын ала мәліметтеріне қарағанда таза табыс­тың жиынтық жоспары 12 ірі компаниялар және қордың кор­поративтік орталығы бойынша екі есеге артқан. Осылайша қор­дың ортақтастырылған таза та­бысы 2010 жылдың алғашқы жар­тыжылдығының қорытындысы бойынша шамамен 200 миллиард теңге болмақ. Қор төрағасының айтуынша, жыл қорытындысында негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойынша үстіміздегі жылдың жоспары толық орын­далатын болады. Отырыста сөз сөйлеген Үкімет басшысы қор алдына бірнеше нақтылы міндеттер белгіледі. “Егемен-ақпарат”.