• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2010

Ынтымақтастық деңгейіне ризашылық білдірілді

374 рет
көрсетілді

Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хишам Абдел Уаххаб Зарааны оның біздің еліміздегі қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қасиетті Ораза айының бас­та­луы­мен құттықтай отырып, жүз­де­сушілер екі ел арасындағы эконо­микалық және мәдени салалар­дағы, сондай-ақ көп салалы ын­тымақ­тас­тықтың жоғары деңгейін және оның табысты дамып келе жат­қа­нын қанағаттанғандықпен атап өтті. – Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен достық қатынасты және көп салалы байланыстарды тереңдетуге ерекше назар аударып келеді. Бүгін Эр-Рияд Астананың халықаралық арена мен Таяу Шы­ғыстағы маңызды әріптесі болып табылады, – деді Қ.Тоқаев. Хишам Абдел Уаххаб Зараа Қазақстанның экономикалық және сыртқы саяси жетістіктері мен халықаралық аренадағы артып келе жатқан рөлін жоғары баға­лады және біздің еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі табысты өтетініне сенім білдірді. Елші Сауд Арабиясы аш-Шура Мәжілісі (Консуль­та­тивтік Кеңес) Төраға­сының Эр-Риядқа ресми сапармен келуге шақыруын Қ.Тоқаевқа табыс етті. Кездесу соңында Қ.Тоқаев Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін дипломатиялық миссия басшысына алғыс айтты және кәсіби қызметінде та­бысты бола беруге тілектестігін білдірді.