• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2010

Аймақтық өкілмен кездесті

543 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Масуд Каримипурмен кездесті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Б.Жексембин әңгімелесуші тарапты Орталық Азиядағы прекурсорларды қадағалау, Орталық Азиядағы сот-медицина зертханаларына кеңестік көмек көрсету, Қазақстанның жекелеген бақылау-өткізу пункттерінде есірткі мен қылмыстың алдын алу саласындағы бақылаудың мүмкіндіктерін жетілдіру секілді Қазақстанның БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардан хабардар етті. М.Каримипур өз кезегінде БҰҰ аймақтық құрылымының қызметіне Қазақстанның белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіре келіп, негізгі қызметі есірт­кі, психотропты заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күресуге бағытталған Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы­ның маңыз­дылығын атап өтті. “Егемен-ақпарат”.