• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2010

Ашықтық пен жариялылық Қарағанды облыстық сотында қалыптасқан үлгілі үрдіс

781 рет
көрсетілді

Талап және тәртіп

Бұл күнде Қарағанды облыстық соты қызметінің көпшілікке ақпа­рат­тық ашықтығы кеңейе түсті. Биыл жыл басында құрылған бас­па­сөз орталығы ар­қы­лы сот жүйе­сі­нің жұмысы жөнінде түсініктер мен мәліметтерді, са­рап­тамалық ма­териалдарды қол­ма-қол алуға бо­ла­тындығына көз жетті. Сонымен қатар іске қосылған облыстық сот­тың арнайы веб-сайты онымен та­ны­суға ынта танытушылардың бә­ріне қоса қолайлы мүмкіндік ту­ғы­зып отыр. Қоғам мен қалың жұртқа атқа­ры­лып жатқан істердің жария­лы­­лы­ғын, қолжетімді болуын, оның ха­лық­аралық талаптарға сай келуін қам­тамасыз етуде, құқықтық мәде­ниетті қалыптастыруда тағы бір шараның жағымды жаңалық болып қа­былданғанын атауға болады. Бү­гінде қалалық, аудандық соттардың бә­рінде “Анықтама беру дүң­гір­шегі” жұмыс істейді. Ол сот проце­сі­не қатысушы тараптарға сот акті­л­ерінің мән-жайын түсіндіруге, олар­дың талап-арыздар үлгілерін дұ­рыс толтыруға көмек көрсетеді. Облыстық сотта апелляциялық және кассациялық істер бойынша келушілер үшін мониторинг жұмыс істейді. Сол арқылы әр тарап­тардың істің өту кестесімен толық хабардар болуы жеңіл әрі ешкімді мазаламайды, санаулы сәтте күнін және уақытын біліп қайтады. Ал облыстық сот жанынан құ­ры­лған сот қызметіндегі судья­лар­дың сот төрелігін атқару сапасына мо­ниторинг жүргізу жөніндегі ко­миссия сот қызметінің сапасын анықтап, талдау жүргізеді. Сондай-ақ сот актілерінің тұрақтылығы мен орындалу мерзімін бақылап, сот өн­дірісінде жіберілген заң бұзу­шы­лықтарды, олқылықтарды дер ке­зінде анықтайды. Осы орайда үнемі жүргізіліп отыратын рейтинг соттар жұмысы қандай деңгейде екенін са­ралайды. Рейтингтер көрсеткішімен кім-кім де таныса алады. Судьялар­дың біліктілік алқалары және сот әдібі жөніндегі комиссия, сот тө­ре­лігін атқарудағы заңдардың бірың­ғай қолданылуын және олардың мүл­тік­сіз орындалуын жүзеге асы­руды бақылайтын консультативтік кеңес, сот төрелігін жүзеге асыру бары­сын­да әр құқық саласына қа­тысты заң шеңберінде әдістемелік көмек көрсететін және олардың үстіне­н түскен арыздарды қарайтын судья­ларға әдістемелік көмек көр­сету және шағымдарды қарау жө­ніндегі топ сияқты ішкі буындар­дың жұмысы да жариялылыққа ашық. Мұ­ның өзі бұқаралық ақпа­рат құрал­дарымен байланысты нығайта түсуде. Соның арқа­сында жұрт сот жүйесі жұмысы жөнінде күннен-күнге кеңінен құлағдар болып отыр. Қазір біз куәгер болып жүр­ген­дей, БАҚ өкілдерімен кездесулер, сұхбаттар жиі өткізіле бастады. Олар облыстық сотпен шектеліп қал­май қалалық және аудандық соттарда да үлгілі үрдіске айналып барады. Осы уақытқа дейін Саран, Абай, Шахтинск, Теміртау қала­лық, Осакаров, Қазыбек би аудан­дық соттарында өткен баспасөз кон­ференциялары әрі қарай жал­ға­сып жатыр. Бұл ретте тұрғындар ара­сында жүргізіліп тұратын социо­логиялық зерттеулер көрсеткенін­дей, азаматтардың соттарға сенім­ді­лігі артқан, өз құқықтары қор­ға­луын қам­тамасыз ету бойынша жауап­кер­шілік күшейген, сот төрелігіне жүгінуге ынта ұлғайған. Кейінгі кезде дөңгелек үстел­дер­дің де жиірек ұйымдастырылуы көзге түсерлік құбылыс. Құқық са­ласында қордаланған мәселелердін шешімі табылуы үшін бірлескен әрекетті жетілдіру, мемлекеттік ор­гандар және қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынасты орнық­ты­ру­ға бағытталған мұндай шаралар­дың бірі, мәселен, нашақорлық жай­ына арналды. Бұған қатысты қылмыстық істерді қозғап, тек­серу­де айғақтардың анық, медициналық тексеріс кезінде есірткі заттардың қолдануы бұлтартпастай дәлелді болуы, осы кеселге қарсы күресте көп­шіліктің көмегіне сүйену, жас­өспірімдерге залал-зардабын түсі­нікті жеткізу қажеттігі ортаға са­лын­ды. Немесе “Мекемелерден не­сие қарыз өндіру бойынша талап-арыздардан туындайтын даулар туралы” атты тақырыптағы әңгіме де бейжай қал­дырмайды. Былайғы қатысушыларға да осындай дөң­ге­лек үстелдердің есігі ашық. Сот жүйесіндегі өзекті деген мә­селелерді таныстыруды терең­де­ту­ге “Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автомат­тан­дырылған ақпараттық талдау жүйесінің арнайы ашылу рәсімі және озық технологиясын ақпарат­тан­дыру туралы” кеңейтілген се­ми­нардың ықпалы үлкен болғанды­ғын айта кету керек. Онда БААТЖ бағдарламасының ашылу тарихы, оның қолданылуы мен тиімділігі жайлы ақпараттармен баспасөз өкіл­дері де таныса алды. Жалпы, сот рәсімдерінің ашық­тығы мен анықтығын барынша қамтамасыз етуге бағытталған ша­ра­лар ішінде ашық есік күндері де елеулі орын алатындығын атаған жөн. Балқаш, Жезқазған қалалық соттарында облыстық соттың төр­аға­сы Е.Серікбаев, облыстық сот­тар әкімшісінің орынбасары Д.Құс­бековтің қатысуымен басталған бұл шаралар жалғасу үстінде. Азаматтар тарапынан ол қолдау тауып және тұрақты өткізілуі тіленіп жүр. Соған сәйкес білікті судьялардың, жауап­ты қызметкерлердің бүгінде жер-жер­ге сапарлары жиі ұйымдасты­рылады. Жақында біз әріптестеріміз басын ай сайын қосып тұратын об­лыстық соттың баспасөз орталы­ғын­да сот өндірісіндегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істердің қаралу сапасы, сот актілерінің тұ­рақ­тылығы мен уақытылы орын­да­луын қамтамасыз ету, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мақса­тын­дағы іс-шаралармен толық таныса алдық. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруға байланысты түсін­дірілген ақпараттардың бұл саладан мақалалар жазуымызда көмегі болмақтығы даусыз. Енді сөз орайында соңғы жа­ңалықтарға тоқталсақ, мамандан­ды­рылған соттармен қоса негізгі сот­тар құрылып, жұмыс бастаған­ды­ғын алдымен атар едік. Атап айт­қанда, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық со­тына  қылмыстық, ал №2 аудандық сотына  азаматтық  істерді қарай­тын негізгі сот ретінде мәртебе бе­рілді. Қаладағы маманданды­рыл­ған  ауданаралық әкімшілік соты бұдан былай құқық бұзушылық жө­ніндегі істерді қарайды. Жезқаз­ған­дағы, Балқаштағы соттар негізгі аумақтық соттар аталды. Шалғай елді мекендердегі соттар аумақтағы соттардың құрамына енгізілді. Осы заманғы телекоммуника­ция­лық байланысты сот жүйесінде пайдалану қадамы құлақ түрдірген хабар болды. Қазақстан Респуб­ли­касы ҚК-нің 220-бабының 1-б. 228-тармағына сәйкес айыпталған Ш. деген азаматқа Астана қала­сы­ның тұрғыны Б. есімді куәгерден ин­тернет желісіндегі бейнекон­фе­ренция арқылы сұрақ-жауап алын­ды. Дәлелді себеппен сотқа қатыса алмаған жезқазғандық куәгерге де осы тәсіл қолданды. Бұл сот төре­ле­гін үзбей толық жүргізуге, аза­маттардың уақыт үнемдеуге, артық шығынданбауына мүмкіндік береді. Ашықтық, жариялылық, өрке­ниетті өмір талабынан танылу Қа­рағанды облыстық сотында қалып­тасқан үлгілі үрдіс. Айқын НЕСІПБАЙ. ҚАРАҒАНДЫ.