• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2010

Жас таланттардың жарқын талабы

407 рет
көрсетілді

Қоғамның қай саласын алып қа­расақ та жігерлі, ынталы, өмірге де­ген көзқарастарын сан түрлі жол­дар­мен жеткізе білетін жас толқынның өсіп келе жатқанына куә боласыз. Олай болуы заңды да. Өмір болған соң, толқынды толқын басуы тиіс емес пе! Сурет өнері – адамның ішкі жан дүниесін сүйсіндіретін, өмірдің қы­зығы мен қиындығын, қуанышы мен қайғысын түрлі бояулармен бейне­легенде ерекше бір шаттық сыйлайтын өнердің бір түрі. Бұл салада да болашақта атақты қылқалам шеберлері болуға лайық талантты жас өрендер өсіп келе жатқанын сенбі күні елор­дадағы “Сарыарқа” сауда орта­лығында ашылған “Жас өнер” атты көрмеден куә болып қайттық. Жас суретшілер мен мүсіншілердің бұл алғашқы көрмесін ұйымдастыруға Мәдениет министрлігі мен “Алтын күн” қоғамдық қоры мұрындық бол­ған. Көрмеге еліміздің әр өңірінен кел­ген бейнелеу өнеріне ынтасы жоға­ры қылқалам шеберлеренің 100-ге жуық туындылары қойылған. Кенеп, майлы бояу, терілерді пайдаланған жас суретшілердің қылқаламдарымен сом­даған тақырыптары сан-алуан. Хал­қымыздың салт-дәстүрі мен елор­даның жаңарған өмір тынысы, табиғат көріністері, абстрактілі қиял-ғажайып ой жетістіктерінен бейнеленген кө­ріністер көрмеге келушілердің жанын бір жадыратқандай болды. “Бүгінгі жас суретшілердің жетіс­тіктері ерекше. Мінекей, әр стильде бірнеше жұмыс қойылып отыр. Ас­танада тұңғыш рет ұйымдастырылған мұндай көрме болашақта да өз жал­ға­сын табатынына сенімдімін” – деген Астана қалалық Суретшілер одағының басқарма төрағасы Қоңыр Мұха­ме­диев көрменің ашылу салтанатында жас суретшілердің еңбектерін жоғары бағалап, сондай-ақ өзінің ағалық ақыл-кеңестерін де жас суретшілерге арнады. Көрмеге әр суретшіден кем де­генде 3 туынды қойылған. Бұл сурет­тердің сатылу бағасы да әртүрлі. 18 мың теңгеден бастап 2 мың АҚШ долларына дейінгі көркем туындыны осы көрмеден кездестіре аласыз. Шара соңында жас өнерпаздарға Ас­тана қаласы Жас суретшілер ода­ғының билеттері үлестірілді. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.