• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2010

Әлем өткен аптада

374 рет
көрсетілді

Бірігуге шақырды КХДР-дың шекара айма­ғын­да артиллериядан оқ атқанына бай­ланысты Оңтүстік Кореяның президенті Ли М¿н Бак  әскери арандатушылықтан бас тартып, екі мемлекеттің де өркендеуі үшін экономикалық байланысты қайта жалғастыруға, ұлттық бі­рі­гуге шақырған мәлімдеме жаса­ды. КХДР бұдан кейін Сеулдің АҚШ-пен бірігіп өткізген жаттығуы үшін әлі ядролық жаза тартасыңдар деп қорқытты. Серттен тайған кім? Кремльдегілер Белоруссия пре­зиденті Александр Лука­шен­ко­ның Абхазия мен Оңтүстік Осе­тияны тану жөнінде уәдесі бол­ға­нын айғақтайтын стено­гра­фияны тапқандарын және оны жария­лай­тын ниеттері барлығын айтқанда, Беларусь басшысы тым қатты кетті. Ресей президенті Дми­­трий Медведевке ұятты ұмыт­паңдар, сөзді бұрмаламаңдар, деді. Мұндай ырың-жырың айтыс, ұсақ­тық екі жаққа да жараспайды-ақ. Құбырды жарды Ирак мұнайын Түркияға жет­кі­зетін Киркук-Жейһан құбы­рын­да жарылыс болып, ол біраз уа­қытқа істен шықты. Түрік үкі­меті бұл әрекетті Курдстан жұ­мысшы партиясынан көріп отыр. Қалай болғанда да, оның саяси астары бары анық. Бұл құбыр ар­қылы, сондай-ақ Баку-Жейһан құ­быры арқылы да Батыс елде­ріне мұнай жеткізіледі. Түркия­ның мұнай тасымалдаушы ретін­дегі беделіне айтарлықтай нұқсан келетіні өз алдына, енді бұл елдегі курд мәселесі бұрынғыдан да шиеленісе түсу қаупі бар. Әдепті білмейтіндер Иранның вице-президенті Мухаммед-Реза Рахимидің ағыл­шын­дарды “мафия басқаратын на­құрыстар тобыры” деп атаға­нын Британия сыртқы істер ми­нистрлігі қатты айыптап, бұл бри­тандық­тарды қорлағандық деп мәлімдеді. Әдептен, әсіресе, дипломатиялық әдептен озбау өр­кениетті елдерге тән. Иран бас­шылығы мұны білуге тиіс қой дейсің. Крест үшін дау Варшавадағы президент са­райы­ның алдында мыңдаған адам қатысқан митинг болды. Олар сол сарай алдындағы алаң­дағы президент Лех Качинь­скийдің құрметіне қойылған ағаш кресті алып тастауды талап етуде. Олар мемлекет зайырлы, крестің орны шіркеу дейді. Бұған қар­сылар да алаңға шығып, крест­ке тиюшілікті күпірлік санайтындарын мәлімдеді. Қар­сыластарды ажыратуға полиция араласуға мәжбүр болған. Ұшақ апатынан қайғылы қазаға ұшы­ра­ған Лех Качиньскийді Краков­тағы ұлылар қорымына жерле­генді де біраз жұрт артық көрген. Кезекті сандырақ Ресей Федерациясы Мемле­кеттік думасының вице-спикері Владимир Жириновский ақылға сыя қоймайтын кезекті мәлім­де­месін жасады. Ресей Белорус­сияға, басқаларға да көмек бер­меу­ге тиіс деп байбалам салған ол, қыза келе, Кеден одағы да керек емес дегенді айтты. Ре­сей­дің ресми қайраткері саналатын оған мұның орынсыз ғой, ақылға сыймайды, елдің саясатына қайшы дейтін де ешкім жоқ. Кейде осындай сандырақты оған әдейі айтқызатындай көрінеді. С-300 ­– Абхазияда Ресейдің атышулы С-300 зенитті зымырандық жүйесі Абхазия республикасының аума­ғына орналастырылды. РФ Әс­кери-әуе күштерінің қолбасшысы Александр Зелиннің мәлім­деуін­ше, бұл жүйе осындағы ресейлік әскери база мен республика аума­ғын қорғауға арналған көрі­неді. Мұны Ресейдің милита­ристік саясатының бір көрінісі деп тұжырымдауға болғандай. Қалдықтар ­– Ресейге Германия өзіндегі радиоак­тивті қалдықтарды Балтық теңізі арқылы Ресейге жіберетіні ай­қын­далып отыр. Оған 12,8 мил­лион доллар қаржы төленбек. Қал­дық дегенде, 1957 жылы КСРО-ның араласуымен салын­ған, 1991 жылы жұмысын тоқ­тат­қан ядролық зерттеу реакторында пайдаланылған 951 отындық өзек көрінеді. Оны Ресейге жеткізуге үш кеме керек екен. Даңғойлық бәсекесі Финндердің Хейнола қала­сын­да  сауна бойынша әлем бірін­шілігінде ресейлік Владимир Ладыженский қаза тапты. Финн Тимо Каукенен екеуі 110 гра­дустық ыстықта алты минөттей отырғаннан кейін, ресейлік жан тапсырыпты, финн аса ауыр жағ­дайда ауруханаға түсіпті. Спорт­тың басқа түрінен де адамдар қаза тауып жатады ғой, бірақ сауна жарысын ақылға сыйдыру қиын. Сыра ішуден, ет жеуден де жарысып, жұрттың ақымақ болып жататыны бар, бірақ отқа түсіп жарысу, сірә, даңғой­лықтың шегі болар. Әзірлеген Мамадияр ЖАҚЫП.