• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2010

Жарасымды жарыс

590 рет
көрсетілді

Жыл сайын елімізде Спорт күні тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтілетіні белгілі. Биылғы жылы ол 15 тамыз күніне сәйкес келіп, Астана мен еліміздің өзге де өңірлерінде Туризм және спорт министрлігі мен жергілікті билік орындарының ұйытқы болуымен дәстүрлі түрде кең ауқымда аталып өтті. Ал Астанадағы бұқараға ар­нал­ған жарыстар аталған министрлік пен қалалық әкімдіктің ұйымдас­тыруымен 14 тамыз күні басталды. Осы күні негізгі бұқаралық ша­ралар астаналық саябақта өтті. Сол күні қалалық саябақ үлкен спорт­тық алаң­ға айналды десе де бо­ла­ды. Мұн­да астаналықтар мен қала қо­нақ­тары ұлттық ойындарға, со­ның ішінде асық ату, тоғызқұ­ма­лақ, тымақ ұру, бұқа тартыс, арқан тартыс, аударыспақ, сонымен бірге стритбол мен шағын футбол, ны­са­на ату, шахмат, дойбы, гір кө­теру, қол күресі мен “Көңілді сө­релерге” қатысты. Сондай-ақ, осы күні спорт­сүйер қауым үшін Ас­тана қала­сының спорт мектептері шә­кірт­терінің көрсеткен қойы­лымдары ұсынылды. Онда үздік жас кара­тэ­шілер, ба­луандар, гим­насшылар, велошабан­доздар мен басқа да спорт­шылар өз өнерлерін ортаға сал­ды. Қолда бар деректерге қара­ғанда, Астанада сенбі күні болған жарыстарға 3 мыңға жуық адам қатысыпты. Келесі күні мерекелік шаралар Қажымұқан атындағы стадионда бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен аталып өтті. Туризм және спорт министрлігі мен қала­лық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдасты­руымен өткен “БАҚ саламатты Қа­зақстанды қолдайды!” іс-ша­раларының бағдарламасына шағын футбол, “Көңілді жарыстар” және басқа да жарыс түрлері қамтылды. Оның ашылу салтанатында минис­трліктің Спорт істері жөніндегі ко­митеті төрағасының орынбасары Ә.Донбай, БАҚ өкілдері атынан “Қазақстан” ұлттық телеарнасы­ның спорт коментаторы Д.Ахмет­шәріп сөз сөйлеп, журналистерді мерекесімен құттықтады. Осыдан кейін жарыстар басталып, шағын футболдан бірінші болып жасыл алаңға “Егемен Қазақстан” газеті мен “VІІ Қысқы Азия ойындарын ұй­ымдастыру комитетінің атқа­ру­шы дирекциясы” АҚ командалары шықты. Бұл ойын жарыстағы ең қызықты да тартысты өткен кез­десулердің бірі болды. Қарсылас­тар қақпасына екі әдемі доп соқ­қан “егемендіктер” спорт ма­мандары қызмет ететін команда­мен иық теңестіріп бәсекелесті. Ал бас­қа ойындарда Туризм және спорт министрлігінің, “Нұр Ас­та­на”, “Астана ақшамы”, “Казах­стан­ская правда” газеттерінің, “ҚазАқпарат” агенттігінің, “Қазақ радиосының” командаларын бас­тап келген әріптестеріміз лайықты өнер көрсетті. Шағын футбол бә­секесіне 16 команда қатысты. Мұн­да жарыс олимпиялық жүйе бой­ынша өтті. Сөйтіп, 1/8 фи­нал­дан бастап қарсыластарының бәрін ұтқан Туризм және спорт ми­нистр­лігі мен “VІІ Қысқы Азия ой­ындарын ұйымдастыру комите­тінің атқарушы дирекциясы” АҚ финалда кездесіп, соңғысы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ал үшінші орын Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасын 2:0 есебімен ұтқан аталмыш ди­рекцияның еріктілер командасына бұйырды. Осы күні Қажымұқан стадионында өткен “Әкем, шешем және мен”, “Қапқа аяқтарын са­лып жүгіру” мен басқа да жарыс­тарда “Қазақстан” ұлттық телеар­на­сы, қалалық Туризм, дене тәр­биесі және спорт басқармасы, “Қа­зақ радиосы” мен “ҚазАқ­парат” ҰК” АҚ командалары жақсы қырынан көрінді. Ал тоғыз құмалақ жарысында “ҚазАқпарат” командасы бірінші, “Астана ақ­шамы” мен “Нұр Астана” газетінің журналистері екінші және үшінші орынды бөлісті. Осыдан кейін “Хан шатыр” ой­ын-сауық сауда орталығының ал­дында 2400 метр қашықтықтан тұ­ратын “Президенттік шақырым­ға” бұқаралық жүгіруден жарыс өт­ті. Соның қорытындысында әйел­дер арасында Кәмила Баранник, Жақсыгүл Мұсылман, Нұргүл Сүлейменова, Ардана Кишлярова, Светлана Иманғожина, Шынар Рахат, ерлер арасында Құдайбер­ген Зейноллаев, Александр Ще­ко­тихин, Никита Девятко, Арыстан Әмірбеков, Айдын Сапархан мен Арлан Досымбетов жеңімпаз атанса, “Президенттік шақырым­ның” ең жас қатысушысы болып алты жасар Данияр Асылбек атанды. Ал ең ересек қатысушы атағына Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің қы­зметкері Әділбек Қайыр­бер­ге­нов ие болды. Жалпы, осы жа­рысқа 2643 адам қатысса, қаланың сенбі және жексенбі күндері болған басқа да спорт мектептері мен клубтарында өткен сындарға 34535 адам қатысып, тамашалаған деген дерек бар. Дастан КЕНЖАЛИН, Суреттерді түсірген  Орынбай БАЛМҰРАТ.