14 тамызда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Британ-Қазақстан бүкілпартиялық парламенттік тобының жетекшісі лорд Висконт Уэйверлимен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстан-Британ сауда-экономикалық қызметтестігін дамыту мәселелері талқыланды.
* * *
14 тамызда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Франция сенаторы Эмери де Монтескьюмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан-Франция арасындағы сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылдарды кеңейтудің көкейкесті мәселелері талқыланды. Тараптар ауыл шаруашылығы, ветеринария, қорғаныс және авиация өнеркәсібі салаларындағы қызметтестіктің әлеуеті жоғары екендігіне назар аударды. Атап айтқанда, Eurocopter компаниясының Қазақстанда тікұшақтар шығару жөніндегі жобаны бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екендігі айтылды.
Эмери де Монтескью француз жағының Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылдың күзінде Парижге ресми сапары кезінде қажетті құжаттарға қол қоюға дайын екендігін растады.