• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2010

Қазақстан үшін асқақ абырой

658 рет
көрсетілді

Президент поштасынан Елбасының атына Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығы атынан бір топ ақын-жазушы және еңбек ардагерлері қол қойған хат келді, деп хабарлады  Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Оған  ақындар Х.Есен­қара­қы­зы, Ә.Аймақ, жазушылар Е.Тұ­­ры­сов, М.Байғұт, еңбек ардагерлері Н.Әжіметов, С.Ба­рақова, Д.Бо­пова, Ә.Жақсыбаев, С.Қал­ғын­баев, А.Сүгірәлиев, “Азаматтық Альянс” қоғамдық ұйымдары қауымдастығының төрайымы К.Әліпова, Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік универ­ситеті клини­касының директоры И.Байдәу­ле­тов, ОҚПУ “Отырар” институ­ты­ның профессоры Ө.Ғұбайдуллин, “Біздің жанұя” газетінің бас ре­дакторы Б.Қо­нысбек, облыстық ардагерлер ке­ңесінің төрағасы Ж.Мәулен­құ­лов, мектеп дирек­торы Р.Пак, облыстық кәсіп­одақ­тар кеңесінің төрағасы Д.Шерім­құлов және Еңбек Ері Б.Шүкір­беков қол қойған. Авторлар Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Н.Ә. На­зарбаевтың 2010 жылғы 5 тамыз күнгі Қазақстан халқына арнаған Мәлімдемесіне қолдау білдіреді. “Жоғары мәртебелі Нұрсұл­тан Әбішұлы! Үстіміздегі жылғы 1-2 желтоқсан күндері Еуро­па­дағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымына мүше мем­лекеттердің Саммитін елордамыз Астана қа­ла­сында өткізу Қа­зақстан және оның әрбір аза­маты үшін асқақ абырой, аса зор мәртебе. Бұл – шын мәнінде қазақ даласында бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға, – деп жазады хат иелері. – Осынау та­рихи шешімді ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер өкіл­дерінің бір­ауыздан қабылдауы – тәуелсіз мемлекетіміздің әлем елдерінің алдындағы беделін және Сіздің халықаралық дең­гейдегі сая­сат­кер екендігіңізді тағы да әйгілеп отыр. Ежелден ын­тымақ пен бірлікті ту еткен халқымыздың бүгінгі жетістіктері, тыныс-тір­шілігі өзгеге өнеге боларлықтай. Өзіңіздің ерен еңбегіңіздің нәти­жесінде Қазақ­станның ұстанып отырған сая­сатын – жаһандық қауіпсіздікті, ұлтаралық, дін­аралық қарым-қатынастарды нығайтуды, гео­сая­си ахуалды жақ­сартуды – әлем елдері мой­ындап қана қоймай, Еуропаның төрінен орын берді. Енді Астана Саммиті өткізілгелі отыр. Бұл қазақ және жаңа Қа­зақстан тарихында алтын әріп­термен жазылатын парақтарының бірі екендігі сөзсіз”. Одан әрі: “Әлемдік қауым­дас­тыққа Ұйымның “Хельсин­киден Астанаға дейінгі” эво­люциясын паш етуді жоспарлап отырған осы маңызды шараның аясы кең, мақсаты жоғары. Сон­дай-ақ елі­міздің бұл ұйымға төр­ағалығы еуропалық қауіпсіздік ұғымын еур­атлантикалық және еуразия­лық қауіпсіздік ұғым­дарына ай­налдыруға күш салып келе жат­қандығы қуантады. Жаңа мың­жылдықта бүкіл қазақ­стан­дық­тардың мақтанышы – әсем Ас­танада өтейін деп отыр­ған Сам­мит­тің еліміздің беделін асқақтата түсетініне, Өзіңіздің басшылығы­ңыз­бен осынау жауап­кершілігі жо­ғары істе абырой биігінен кө­рінетініне біздің сеніміміз мол”,  делінген хатта.